Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2021 года № 1253 «Об утверждении Правил осуществления закупок отдельными субъектами квазигосударственного сектора, за исключением Фонда национального благосостояния и организаций Фонда национального благосостояния»

Бұйрық · № 193 · қабылданған 09.04.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2021-no-1253-ekb-195452/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2021 года № 1253 «Об утверждении Правил осуществления закупок отдельными субъектами квазигосударственного сектора, за исключением Фонда национального благосостояния и организаций Фонда национального благосостояния» Қолданыста Бұйрық ·№ 193 ·09.04.2024
09.04.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2021 года № 1253 «Об утверждении Правил осуществления закупок отдельными субъектами квазигосударственного сектора, за исключением Фонда национального благосостояния и организаций Фонда национального благосостояния»

Қолданыста Бұйрық ·№ 193 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2021 года № 1253 «Об утверждении Правил осуществления закупок отдельными субъектами квазигосударственного сектора, за исключением Фонда национального благосостояния и организаций Фонда национального благосостояния»
Атауы (қаз.)
«Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
193
Қабылданған күні
09.04.2024
Көрсетілген редакция
09.04.2024 195452_694054.kaz
Соңғы өзгеріс
09.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034239
ЭКБ идентификаторы
195452
Редакция идентификаторы
195452_694054
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:08

0 «Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25488 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында:
287-тармақтың 38) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«38) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар деректерді өңдеу орталықтарын сатып алу немесе салу, деректерді өңдеу орталықтары үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін сатып алу.»;
мынадай мазмұндағы 335-1-тармақпен толықтырылсын:
«335-1. Осы Қағидалардың 287-тармағының 38) тармақшасына сәйкес жасалған шарт бес жылдан аспайтын мерзімге жасалады.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 ______жылға арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық жоспары /_____ жылға арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың алдын ала жоспары / _____ жылға арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ұзақ мерзімді жоспары (көрсетілген мәндердің бірін таңдау)

Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 9 сәуірдегі
№ 193 бұйрыққа
қосымша
Ұлттық әл-ауқат қоры
мен Ұлттық әл-ауқат қорының
ұйымдарын қоспағанда,
квазимемлекеттік сектордың
жекелеген субъектілерінің
сатып алуын жүзеге асыру
қағидаларына
1-қосымша
______жылға арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық жоспары /_____ жылға арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың алдын ала жоспары / _____ жылға арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ұзақ мерзімді жоспары (көрсетілген мәндердің бірін таңдау)
Жалпы мәліметтер
Тапсырыс беруші БСН
Тапсырыс берушінің атауы
Қаржы жылы
1
2
3
Сатып алу жоспары

Жоспар тармағының типі
Сатып алу нысанасының түрі
Тауардың, жұмыстың, қызметтің коды
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттамасы)
1
2
3
4
5
6
жалғасы
Қосымша сипаттама
(қазақ тілінде)
Қосымша сипаттама (орыс тілінде)
Сатып алу тәсілі
Өлшем бірлігі
Саны, көлемі
Бірлік бағасы, теңге, қосылған құн салығы есебінсіз
(ҚҚС)
7
8
9
10
11
12
жалғасы
Са­тып алу үшін бе­кі­ті­л­ген жал­пы со­ма, тең­ге, қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы есе­бін­сіз
(ҚҚС)
Бес жыл­дық ке­зең­нің бі­рін­ші жы­лы­на бе­кі­ті­л­ген со­ма
Бес жыл­дық ке­зең­нің екін­ші жы­лы­на ар­нал­ған бо­лжам­ды со­ма, тең­ге
Бес жыл­дық ке­зең­нің үшін­ші жы­лы­на ар­нал­ған бо­лжам­ды со­ма, тең­ге
Бес жыл­дық ке­зең­нің төр­тін­ші жы­лы­на ар­нал­ған бо­лжам­ды со­ма, тең­ге
Бес жыл­дық ке­зең­нің бе­сін­ші жы­лы­на ар­нал­ған бо­лжам­ды со­ма, тең­ге
Са­тып алу­ды жа­ри­я­ла­удың жос­пар­лан­ған мер­зі­мі (ай)
Та­у­ар­ды жет­кі­зу, жұ­мыстар­ды орын­дау, қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мер­зі­мі (қа­зақ ті­лін­де)
Та­у­ар­ды жет­кі­зу, жұ­мыстар­ды орын­дау, қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мер­зі­мі (орыс ті­лін­де)
13
14
15
16
17
18
19
20
21
ӘАОС
Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (қазақтілінде)
Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (орыстілінде)
Аванстық төлем мөлшері, %
Сатып алу бастамашысының атауы
Ескертпе
22
23
24
25
26
27
Жалпы мәліметтер:
1) «Тапсырыс берушінің БСН» деген жолақ – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте көрсетілген ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі (он екі мәндегі код);
2) «Тапсырыс берушінің атауы» деген жолақ - ұйымның толық атауы көрсетіледі;
3) «Қаржы жылы» деген жолақта – сатып алу жоспары жасалатын қаржы жылы көрсетіледі.
Сатып алу жоспары:
1) «№» деген жолақта – веб-портал айқындайтын сатып алудың сәйкестендіру коды;
2) «Жоспар тармағының түрі» деген жолақта-жоспар тармағы түрлерінің мынадай мәндерінің бірі көрсетіледі:
Қаржы жылынан аспайтын сатып алулар;
Қаржы жылынан асатын сатып алулар;
Шартты үнемдеу есебінен сатып алу;
3) «Сатып алу нысанасының түрі» деген жолақта - сатып алу нысанасының түрі (тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет) көрсетіледі;
4) «Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды» деген жолақта - тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығына сәйкес тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі;
5) «Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы» деген жолақта – «Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды» деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы көрсетіледі.;
6) «Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттамасы)» деген жолақта – «Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды» деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттамасы) көрсетіледі.;
7) «Қосымша сипаттамасы (қазақ тілінде)» деген жолақта – сатып алу нысанасының қазақ тіліндегі қосымша сипаттамасы көрсетіледі (міндетті емес жол);
8) «Қосымша сипаттамасы (орыс тілінде)» деген жолақта – сатып алу нысанасының орыс тіліндегі қосымша сипаттамасы көрсетіледі (міндетті емес жол);
9) «Сатып алу тәсілі» деген жолақта – сатып алуды өткізу тәсілі көрсетіледі;
10) «Өлшем бірлігі» деген жолақта – «Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды» деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес сатып алу нысанасының өлшем бірлігі көрсетіледі.;
11) «Саны, көлемі» деген жолақта – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің саны немесе көлемі көрсетіледі;
12) «Бір бірлігі үшін баға, теңге» деген жолақта – теңгеде сатып алу нысанасының бірлігі үшін баға көрсетіледі;
13) «Сатып алу үшін бекітілген сома, теңге» деген жолақта – «Саны, көлемі» деген жолақтың мәнін «бірлік үшін баға, теңге» деген жолаққа көбейту арқылы есептеледі және сатып алуды жүргізу жоспарланатын соманы білдіреді;
14) «Бес жылдық кезеңнің бірінші жылына бекітілген сома» деген жолақта – теңгеде бес жылдық кезеңнің бірінші жылына жоспарланған сома көрсетіледі;
15) «Бес жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома, теңге» деген жолақта – теңгеде бес жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома көрсетіледі;
16) «Бес жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома, теңге» деген жолақта – теңгеде бес жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома көрсетіледі;
17) «Бес жылдық кезеңнің төртінші жылына арналған болжамды сома, теңге» деген жолақта – теңгеде бес жылдық кезеңнің төртінші жылына арналған болжамды сома көрсетіледі;
18) «Бес жылдық кезеңнің бесінші жылына арналған болжамды сома, теңге» деген жолақта – теңгеде бес жылдық кезеңнің бесінші жылына арналған болжамды сома көрсетіледі;
19) «Сатып алуды жариялаудың жоспарланған мерзімі (ай)» деген жолақта-сатып алуды өткізу жоспарланған ай көрсетіледі;
20) «Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі (қазақ тілінде)» деген жолақта – тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі қазақ тілінде көрсетіледі;
21) «Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі (орыс тілінде)» деген жолақта – тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі орыс тілінде көрсетіледі;
22) «ӘАОС» деген жолақта – «Әкімшілік-аумақлік объектілер сыныптауышы» анықтамалығына сәйкес сандық мәнде елді мекеннің коды көрсетіледі;
23) «Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (қазақ тілінде)» деген жолақта – тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны қазақ тілінде көрсетіледі;
24) «Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (орыс тілінде)» деген жолақта – тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны орыс тілінде көрсетіледі;
25) «Аванстық төлемнің мөлшері, %» деген жолақта - жоспарланған аванстық төлемнің мөлшері көрсетіледі.

Қолданыстағы