Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2021 года № 1253 «Об утверждении Правил осуществления закупок отдельными субъектами квазигосударственного сектора, за исключением Фонда национального благосостояния и организаций Фонда национального благосостояния»

Бұйрық · № 647 · қабылданған 26.09.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2021-no-1253-ekb-201150/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2021 года № 1253 «Об утверждении Правил осуществления закупок отдельными субъектами квазигосударственного сектора, за исключением Фонда национального благосостояния и организаций Фонда национального благосостояния» Қолданыста Бұйрық ·№ 647 ·26.09.2024
26.09.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2021 года № 1253 «Об утверждении Правил осуществления закупок отдельными субъектами квазигосударственного сектора, за исключением Фонда национального благосостояния и организаций Фонда национального благосостояния»

Қолданыста Бұйрық ·№ 647 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2021 года № 1253 «Об утверждении Правил осуществления закупок отдельными субъектами квазигосударственного сектора, за исключением Фонда национального благосостояния и организаций Фонда национального благосостояния»
Атауы (қаз.)
«Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
647
Қабылданған күні
26.09.2024
Көрсетілген редакция
26.09.2024 201150_722120.kaz
Соңғы өзгеріс
26.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035155
ЭКБ идентификаторы
201150
Редакция идентификаторы
201150_722120
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:30

0 «Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25488 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында:
126-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әлеуетті өнім берушіде өткізілетін сатып алу нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы;»;
128-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«128. Тендерлік комиссия әлеуетті өнім берушіде сатып алынатын тауарлар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі және құрылыспен байланысты емес жұмыстар болған әрбір жыл үшін нөл бүтін оннан бес (0,5%) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер сатып алу нысанасы болып табылатын тендерде тендерлік комиссия әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің бар болуы үшін әрбір жыл үшін бір пайыз (1%) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.»;
333-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) орындалу ұзақтығына байланысты орындалу (көрсетілу, жеткізілу) мерзімі тиісті бюджетте, даму жоспарында, қаржыландырудың жеке жоспарында белгіленген келесі (келесі) қаржы жылында (жылдарында) шартталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайларда жүзеге асырылады. Мұндай шарттың қолданылу мерзімі үш жылдан асады.»;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:
Тендерлік құжаттамаға 15-қосымшада 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Растау құжаттарының (болған жағдайда толтырылады) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде тендерде сатып алынатын ұқсас (сол сияқты) көрсетілген қызметтер тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер сатып алу нысанасы болып табылатын тендерде растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін (болған жағдайда толтырылады) қоса бере отырып, тендерде сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) ағымдағы жылдың алдындағы соңғы бес жыл ішінде көрсетілген қызметтер тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер толтырылады.
Көрсетілетін қызметтің атауы
Қызметтерді көрсету орны
Тапсырыс берушінің атауы
Қызметті көрсеткен жылы, айы (__бастап _)
Растау құжатының атауы, күні және нөмірі
Растау құжаттарының электрондық көшірмесі (сілтеме)
1
Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын
».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы