О внесении изменения в решение Темирского районного маслихата от 30 декабря 2021 года № 150 «Об утверждении бюджета Жаксымайского сельского округа на 2022–2024 годы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Темирского районного маслихата от 30 декабря 2021 года № 150 «Об утверждении бюджета Жаксымайского сельского округа на 2022–2024 годы»
- Атауы (қаз.)
- Темір аудандық мәслихатының «2022–2024 жылдарға арналған Жақсымай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 150 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 208
- Қабылданған күні
- 21.06.2022
- Көрсетілген редакция
- 21.06.2022 169270_583261.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.06.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22CJ00208M
- ЭКБ идентификаторы
- 169270
- Редакция идентификаторы
- 169270_583261
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:19
0 Темір аудандық мәслихатының «2022–2024 жылдарға арналған Жақсымай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 150 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Темір аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Темір аудандық мәслихатының «2022–2024 жылдарға арналған Жақсымай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 150 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының «2022–2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9–бабына сәйкес белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын:
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 19 450 теңге;
3) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 46 302 теңге;
4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай–ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге;
5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 36 018 теңге;
2022 жылғы 1 сәуірден бастап:
1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 20 191 теңге;
2) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 48 032 теңге;
3) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 180 теңге;
4) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 37 389 теңге.».