Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Темирского районного маслихата от 30 декабря 2021 года № 153 «Об утверждении бюджета Каиндинского сельского округа на 2022–2024 годы»

Өзге акт · № 211 · қабылданған 21.06.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2021-no-153-20222024-ekb-169268/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Темирского районного маслихата от 30 декабря 2021 года № 153 «Об утверждении бюджета Каиндинского сельского округа на 2022–2024 годы» Қолданыста Өзге акт ·№ 211 ·21.06.2022
21.06.2022 редакциясы
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Темирского районного маслихата от 30 декабря 2021 года № 153 «Об утверждении бюджета Каиндинского сельского округа на 2022–2024 годы»

Қолданыста Өзге акт ·№ 211 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Темирского районного маслихата от 30 декабря 2021 года № 153 «Об утверждении бюджета Каиндинского сельского округа на 2022–2024 годы»
Атауы (қаз.)
Темір аудандық мәслихатының «2022–2024 жылдарға арналған Қайыңды ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 153 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
211
Қабылданған күні
21.06.2022
Көрсетілген редакция
21.06.2022 169268_581787.kaz
Соңғы өзгеріс
21.06.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22CJ00211M
ЭКБ идентификаторы
169268
Редакция идентификаторы
169268_581787
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:19

0 Темір аудандық мәслихатының «2022–2024 жылдарға арналған Қайыңды ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 153 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Темір аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Темір аудандық мәслихатының «2022–2024 жылдарға арналған Қайыңды ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 153 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

3–тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының «2022–2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9–бабына сәйкес белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын:
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 19 450 теңге;
3) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 46 302 теңге;
4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай–ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге;
5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 36 018 теңге;
2022 жылғы 1 сәуірден бастап:
1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 20 191 теңге;
2) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 48 032 теңге;
3) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 180 теңге;
4) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 37 389 теңге.».

2 2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы