О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 30 апреля 2021 года № 161 «Об утверждении Правил организации и проведения аукционных торгов на строительство вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок с маневренным режимом генерации»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 30 апреля 2021 года № 161 «Об утверждении Правил организации и проведения аукционных торгов на строительство вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок с маневренным режимом генерации»
- Атауы (қаз.)
- «Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 161 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 200
- Қабылданған күні
- 10.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 10.05.2024 196569_699248.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034353
- ЭКБ идентификаторы
- 196569
- Редакция идентификаторы
- 196569_699248
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:36
0
«Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 161 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 161 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22727 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында:
53-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«53. Аукциондық сауда-саттықтың Үшінші түрінің құжаттамасы:
1) ұқсас жобалардың алдын ала ТЭН-і және (немесе) аукциондық сауда-саттықтың Бірінші түріне сәйкес жүргізілген ұқсас жобалар бойынша аукциондық сауда-саттықтың нәтижелері бойынша есептелген, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметке арналған болжамды жеке тариф;
2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алудың 15 (он бес) жылға тең мерзімі;
3) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтің көлемі;
4) ҚР БЭЖ-дегі реттеуші электр қуатының тапшылығы аймағы ескеріле отырып дайындалады.»;
77-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«77. Графикте көрсетілетін аукциондық сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз етудің қажетті көлемі тиісті алдын ала ТЭН шеңберінде немесе Графикте көрсетілген ақпаратқа сәйкес айқындалған жобаны іске асыру құнының 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайызға тең көлемінде айқындалады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.