О внесении изменения в постановление акимата Житикаринского района от 30 ноября 2021 года № 275 «Об утверждении Правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов по Житикаринскому району Костанайской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Житикаринского района от 30 ноября 2021 года № 275 «Об утверждении Правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов по Житикаринскому району Костанайской области»
- Атауы (қаз.)
- «Қостанай облысының Жітіқара ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы» Жітіқара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 275 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 225
- Қабылданған күні
- 22.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 22.09.2022 171965_593061.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22NJ00225A
- ЭКБ идентификаторы
- 171965
- Редакция идентификаторы
- 171965_593061
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:53
0 «Қостанай облысының Жітіқара ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы» Жітіқара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 275 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қостанай облысының Жітіқара ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы» Жітіқара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 275 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қостанай облысының Жітіқара ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Жітіқара ауданы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) Осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оның Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері
Әкімдіктің
2022 жылғы «22» қыркүйек
№ 225 қаулысымен
бекітілді
Коммуналдық
қалдықтардың түзілу
және жинақталу нормаларын
есептеудің үлгілік қағидаларына
1-қосымша
Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері
№ р.т.
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер
Есептік бірлігі
1.
Жайлы үйлер
1 тұрғын
Жайлы емес үйлер
1 тұрғын
2.
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар
1 орын
3.
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
1 орын
4.
Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер
1 орын
5.
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
6.
Емханалар, медициналық орталықтар
1 келіп кету
7.
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек-орын
8.
Мектептер және өзге де оқу орындары
1 оқушы
9.
Мейрамханалар, дәмханалар, басқа да көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері
1 отыратын орын
10.
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгіклубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар
1 отыратын орын
11.
Мұражайлар, көрмелер
Жалпы алаңы 1 м2
12.
Стадиондар, спорт алаңдары
Жоба бойынша 1 орын
13.
Спорт, би және ойын залдары
Жалпы алаңы 1 м2
14.
Азық-түлік, өнер кәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер
Сауда алаңы 1 м2
15.
Машиналардан сату
Сауда орнының 1 м2
16.
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
Сауда алаңы 1 м2
17.
Өнер кәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары
Жалпы алаңы 1 м2
18.
Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету
Жалпы алаңы 1 м2
19.
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
Жалпы алаңы 1 м2
20.
Жағажайлар, жолдардан көше сметалары
Жалпы алаңы 1 м2
21.
Дәріханалар
Сауда алаңы 1 м2
22.
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС
1 машина-орын
23.
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
24.
Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер
1 гаражға
25.
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
26
Кіржуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
Жалпы алаңы 1 м2
27
Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
Жалпы алаңы 1 м2
28
Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар)
1 жұмыс орны
29
Моншалар, сауналар
Жалпы алаңы 1 м2
30
Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары
1000 қатысушы
31
Бау-бақша кооперативтері
1 учаске