О внесении изменения в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 30 июля 2021 года № 280 «Об утверждении Инструкции по организации и проведению экологической оценки»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 30 июля 2021 года № 280 «Об утверждении Инструкции по организации и проведению экологической оценки»
- Атауы (қаз.)
- «Экологиялық бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шiлдедегі № 280 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 196
- Қабылданған күні
- 02.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 08.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 02.09.2026 I229762_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039827
- ЭКБ идентификаторы
- 229762
- Редакция идентификаторы
- I229762_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 10.09.2026 03:31
0 «Экологиялық бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шiлдедегі № 280 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің «Экологиялық бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2021 жылғы 30 шілдедегі № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23809 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экологиялық бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықта:
Экологиялық бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық мәдениет және саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылдың 8 қыркүйектен бастап күшіне енеді және ресми түрде жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
1 Көзделіп отырған қызметтің жобалау құжаттамасының құрамындағы «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімінің мазмұны
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің
2026 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 196 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2021 жылғы 30 шілдедегі
№ 280 бұйрығымен
бекітілген
Көзделіп отырған қызметтің жобалау құжаттамасының құрамындағы «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімінің мазмұны
1. Атмосфералық ауаның жай-күйіне әсерді бағалау:
1) көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау үшін қажетті климаттық жағдайлардың сипаттамасы;
2) ауа ортасының қазіргі жай – күйінің сипаттамасы (атмосфералық ауада шығарылатын ластағыш заттардың экологиялық сапа нормативтерімен немесе атмосфералық ауа сапасының нысаналы көрсеткіштерімен салыстырғанда олардың нақты шоғырлануын, ал олар бекітілгенге дейін-заттай өлшеулердің қолда бар материалдары бойынша гигиеналық нормативтерді көрсете отырып тізбесі);
3) есептік химиялық ластану көздері мен масштабтары: жобада көзделген жабдықты барынша жүктеу кезінде, сондай-ақ ықтимал дүркін және авариялық шығарындылар кезінде. Атмосфералық ауаның күтілетін ластануының есептеулері қолданыстағы, салынып жатқан және салынуы белгіленген кәсіпорындар (объектілер) мен қолданыстағы фондық ластануды ескере отырып жүргізіледі;
4) қалдығы аз және қалдықсыз технологияларды енгізу, сондай-ақ атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативтерін немесе оның сапасының нысаналы көрсеткіштерін, ал олар бекітілгенге дейін-гигиеналық нормативтерді белгіленіп отырған қызметтің әсері саласында сақтауды қамтамасыз ететін, алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибеге сәйкес деңгейде атмосфералық ауаға шығарындыларды болдырмау (азайту) жөніндегі арнайы іс-шаралар болып табылады;
5) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 63 бұйрығымен бекітілген Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22317 болып тіркелген) (бұдан әрі - Әдістеме), I және II санаттағы объектілер үшін ластағыш заттар шығарындыларының жол берілетін нормативтерін айқындау;
6) III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияға енгізілуге жататын ластағыш заттардың түрлері және олардың атмосфераға шығарындыларының мөлшерін айқындау туралы мәліметтер;
7) ластану салдарын бағалау және теріс әсерді төмендету жөніндегі іс-шаралар;
8) атмосфералық ауаның жай-күйіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар қамтылады;
9) атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативтерінің немесе оның сапасының нысаналы көрсеткіштерінің сақталуын, ал олар бекітілгенге дейін – гигиеналық нормативтердің сақталуын қамтамасыз ететін ерекше қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезеңінде шығарындыларды реттеу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
2. Судың жай-күйіне әсерді бағалау:
1) құрылыс және пайдалану кезеңінде белгіленіп отырған қызмет үшін су ресурстарына қажеттілік, пайдаланылатын судың сапасына қойылатын талаптар;
2) сумен жабдықтау көзінің сипаттамасы, оны шаруашылықта пайдалану, су жинағыштың орналасқан жері, оның сипаттамасы;
3) су тұтыну және су бұру жүйесінің экологиялық тиімділігінің негізгі көрсеткіші ретінде алынатын таза судың жыл сайынғы көлемінің серпінін міндетті түрде көрсете отырып, объектінің су балансы;
4) жер үсті сулары:
аумақтың гидрографиялық сипаттамасы;
көзделіп отырған қызметке ықтимал әсер ететін су объектілерінің сипаттамасы (барынша жақын бақылау тұстамаларының деректерін пайдалана отырып));
гидрологиялық, гидрохимиялық, мұздық, термикалық, су ағынының жылдамдық режимдері, тасу режимдері, қауіпті құбылыстар - тасқын су басулар, кептелістер, шуганың болуы, қуғындау құбылыстары;
ағынды қосымша реттеусіз, табиғи режимде жер үсті көзінен судың нормативтік негізделген мөлшерін алу мүмкіндігін бағалау;
ауыз сумен жабдықтау көздерін санитарлық қорғау аймақтарын ұйымдастыру қажеттілігі мен тәртібі;
ағызылатын сарқынды сулардың саны мен сипаттамасы (ағызу орнын, шығарудың конструктивтік ерекшеліктерін, ластағыш заттардың тізбесін және олардың шоғырлануын көрсете отырып);
айналым жүйелерін енгізу, сарқынды суларды қайта пайдалану мүмкіндігін барынша негіздеу, тазарту құрылыстарының тұнбаларын кәдеге жарату тәсілдері;
құрамына кіруі тиіс шекті жол берілетін төгінділердің нормативтеріне қол жеткізу жөніндегі ұсыныстар:
су айдынының ықтимал термиялық ластануын және экожүйеге су алу әсерінің салдарын қоса алғанда, көзделіп отырған объектінің оны салу және пайдалану процесінде су ортасына әсерін бағалау;
құрылыстарды, көпірлерді, су бөгеттерін салуға байланысты арна процестерінің өзгеруін бағалау және жағымсыз салдарларды анықтау;
су қорғау іс-шаралары, олардың тиімділігі, құны және іске асыру кезектілігі;
жер үсті суларының экологиялық мониторингін ұйымдастыру;
5) жерасты сулары:
ауданды сипаттаудың гидрогеологиялық параметрлері, барланған жер асты сулары кен орындарының болуы және сипаттамасы;
пайдаланылатын су тұтқыш жиектің қазіргі жай-күйінің сипаттамасы (химиялық құрамы, пайдалану қорлары, қорғалуы), оны қауіпсіз пайдалану үшін жағдайларды қамтамасыз ету, су тартқыштарды санитарлық қорғау аймақтарын ұйымдастыру қажеттілігі;
Құрылыс және пайдалану кезеңінде объектінің жер асты суларының сапасына әсерін бағалау, олардың ластану ықтималдығы;
жер асты суларының ықтимал ластануы мен сарқылуының салдарларын талдау;
жер асты суларын ластанудан және сарқылудан қорғау жөніндегі іс-шаралардың негіздемесі;
жерасты суларының экологиялық мониторингі бағдарламасы;
6) Әдістемеге сәйкес I және II санаттағы объектілер үшін ластағыш заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтерін айқындау;
7) III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияға енгізілуге жататын ластағыш заттардың түрлері және олардың қоршаған ортаға төгінділерінің санын айқындау туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
3. Жер қойнауына әсерді бағалау:
1) белгіленген объектінің әсер ету аймағында минералдық және шикізат ресурстарының болуы (қорлар мен сапа);
2) құрылыс және пайдалану кезеңінде объектінің минералдық және шикізат ресурстарына қажеттілігі (түрлері, көлемдері, алу көздері);
3) минералдық және шикізат ресурстарын өндірудің қоршаған ортаның әртүрлі компоненттеріне және табиғи ресурстарға әсерін болжау;
4) су режимін реттеу және бұзылған аумақтарды пайдалану жөніндегі табиғат қорғау іс-шараларының негіздемесі қамтылуға тиіс;
5) жер қойнауын пайдалану, пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде мынадай материалдар ұсынылуға тиіс:
пайдаланылатын кен орындарының сипаттамасы (пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия бекіткен пайдалы қазбалар қорлары, олардың геологиялық ерекшеліктері және басқалары);
зиянды компоненттерді алу және сату мүмкіндігін растайтын материалдар, ал неғұрлым уыттылар үшін-оларды көму тәсілі;
пайдалы қазбалар мен аршылған жыныстардың радиациялық сипаттамасы (әсіресе рекультивациялау үшін және құрылыс материалдарын өндіруде пайдаланылатын);
көзделіп отырған құрылыс объектілерін пайдалану процесінде тау жыныстары мен жерасты суларының жай-күйін зерделеу, бақылау және бағалау үшін ұңғымалардың режимдік желісінің құрамы мен орналасуы жөніндегі ұсынымдар;
көршілес учаскелерде және оларды өндіру ауданында (суландыру, ауа-райының, тотығудың, тұтанудың және т. б. нәтижесінде) жер асты қазбалары қорларының төмендеуін болдырмайтын жер қойнауынан пайдалы қазбаларды барынша ықтимал алу жөніндегі ұсыныстар);
мамандандырылған ғылыми-зерттеу ұйымының қорытындысын ұсына отырып, өндірістің зиянды заттары мен қалдықтарын жер қойнауына көму мүмкіндігін бағалау.
4. Өндіріс және тұтыну қалдықтарының қоршаған ортаға әсерін бағалау:
1) қалдықтардың пайда болу түрлері мен көлемдері;
2) аумақты өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластау ерекшеліктері (қалдықтардың қауіпті қасиеттері және физикалық жай-күйі);
3) қалдықтарды басқару: жинақтау, жинау, тасымалдау, қалпына келтіру (қалдықтарды қайта пайдалануға, қайта өңдеуге, кәдеге жаратуға дайындау) немесе жою (көму, жою), сондай-ақ қосалқы операциялар: сұрыптау, өңдеу, залалсыздандыру) жөніндегі ұсынымдар; көрсетілген операцияларды орындау жөніндегі технологиялар;
4) қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияға енгізілуге жататын, пайда болатын, жинақталатын және қалдықтарды басқару жөніндегі мамандандырылған ұйымдарға берілетін өндіріс және тұтыну қалдықтарының түрлері мен саны көрсетіледі.
5. Қоршаған ортаға физикалық әсерді бағалау:
1) ықтимал жылу, электромагниттік, шу, әсер ету және басқа да әсер ету түрлерін, сондай-ақ олардың салдарын бағалау;
2) жұмыс ауданындағы радиациялық жағдайдың сипаттамасы, радиациялық ластанудың табиғи және техногендік көздерін анықтау.
6. Жер ресурстары мен топыраққа әсерді бағалау:
1) жер пайдаланудың жай-күйі мен шарттары, меншік түріне сәйкес объектіні және іргелес шаруашылықтарды орналастыру үшін белгіленетін аумақтың жер балансы, жерге орналастыруда ұсынылатын өзгерістер, ауыл шаруашылығы өндірісінің ысырабын және жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың объектіні құру және пайдалану кезінде өтелуге жататын залалдарын есептеу;
2) жоспарланатын объектінің әсер ету аймағындағы топырақтың қазіргі жай-күйінің сипаттамасы (бонитет балдары бар топырақ картасы, судың физикалық, химиялық қасиеттері, ластануы, бұзылуы, эрозиясы, дефляциясы, құнарлылығы және топырақтың механикалық құрамы);
3) топырағына күтілетін әсердің сипаттамасы (механикалық бұзылулар, химиялық ластану), геохимиялық процестердің өзгеруі нәтижесінде объектінің әсер ету аймағындағы топырақ пен топырақ қасиеттерінің өзгеруі, аумақтың бетін қайта жоспарлауға, табиғи процестердің жандануына, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластануға байланысты рельефтің жаңа нысандарының құрылуы;
4) топырақтың және аршу жыныстарын алу, тасымалдау және сақтау жөніндегі, тікелей қызмет қозғамайтын учаскелерде топырақтың сақтау жөніндегі, бүлінген топырақ қабатын қалпына келтіру және аумақты бастапқы немесе өзге де пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі (техникалық және биологиялық қалпына келтіру) ықпал ету аймағындағы жоспарланатын іс-шаралар мен жобалық шешімдер қамтылуға тиіс);
5) топырақтың экологиялық мониторингін ұйымдастыру.
7. Өсімдіктерге әсерін бағалау:
1) объектінің әсер ету аймағындағы өсімдік жамылғысының қазіргі жай-күйі (геоботаникалық карта, флористикалық құрамы, функционалдық мәні, өсімдік қоғамдастықтарының өнімділігі, олардың табиғи серпіні, өрт қауіптілігі, дәрілік, сирек кездесетін, эндемикалық және Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік түрлерінің болуы, жасыл екпелердің жай-күйі, өсімдіктердің ластануы және зақымдануы; өсімдіктерге қазіргі заманғы антропогендік әсердің әсерінен болатын сабақтастықтар);
2) объектінің және ілеспе өндірістердің аумақтың өсімдік қоғамдастығына әсер ету сипаттамасы, әсер ету аймағында өсімдіктердің сирек кездесетін, эндемикалық түрлеріне қауіп;
3) өсімдік ресурстарын пайдалану көлемін негіздеу;
4) жоспарланып отырған қызметтің өсімдікке әсер ету аймағын айқындау;
5) өсімдік жамылғысындағы күтілетін өзгерістер (қауымдастықтардың түрлік құрамы, жай-күйі, өнімділігі, генотиптердің бейімділігін бағалау, шаруашылық және функционалдық маңызы, ластануы, зиянкестермен зақымдануы) және осы өзгерістердің халықтың өмірі мен денсаулығы үшін салдары;
6) өсімдіктер қауымдастығын сақтау, олардың жай-күйін жақсарту, флораны сақтау және өсімін молайту жөніндегі ұсынымдар;
7) өсімдік жамылғысының мониторингі үшін ұсыныстар;
8) биоәртүрлілікке теріс әсер етудің алдын алу шаралары, оны барынша азайту, биоәртүрліліктің жоғалуын бағалауды жұмсарту және оларды өтеу шаралары, сондай-ақ осы шаралардың орындалуы мен олардың тиімділігін бақылау.
8. Жануарлар әлеміне әсерді бағалау:
1) су және жер үсті фаунасының бастапқы жағдайы
2) сирек кездесетін, жойылып бара жатқан және Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар түрлерінің болуы;
3) объектінің түрлік құрамына, фаунаның санына, оның гендік қорына, мекендеу ортасына әсер ету сипаттамасы, объектіні салу және пайдалану процесінде жануарлардың көбею жағдайлары, қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындары, түрлердің бейімділігін бағалау;
4) табиғи қоғамдастықтар, мекендеу ортасы, көбею жағдайлары тұтастығының ықтимал бұзылуы, жануарлардың өріс аудару жолына және шоғырлану орындарына әсер етуі, объектінің әсер ету аймағында олардың түрлік сан алуандығын қысқартуы, осы өзгерістердің салдарын және қоршаған ортаға келтірілген залалды бағалау;
5) биоәртүрлілікке теріс әсер етудің алдын алу шаралары, оны барынша азайту, биоәртүрліліктің жоғалуын бағалауды жұмсарту және оларды өтеу шаралары, сондай-ақ осы шаралардың орындалуы мен олардың тиімділігін бақылау (соның ішінде шудың деңгейін, қоршаған ортаның ластануын, жағымсыз иістерді, жарықтың әсерін, жануарларға басқа жағымсыз әсерлерді бақылау);