Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 30 июля 2021 года № 281 «Об утверждении Методики разработки проекта нормативов размещения серы в открытом виде на серных картах»

Бұйрық · № 144 · қабылданған 28.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2021-no-281/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 30 июля 2021 года № 281 «Об утверждении Методики разработки проекта нормативов размещения серы в открытом виде на серных картах» Қолданыста Бұйрық ·№ 144 ·28.06.2024
28.06.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 30 июля 2021 года № 281 «Об утверждении Методики разработки проекта нормативов размещения серы в открытом виде на серных картах»

Қолданыста Бұйрық ·№ 144 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 30 июля 2021 года № 281 «Об утверждении Методики разработки проекта нормативов размещения серы в открытом виде на серных картах»
Атауы (қаз.)
«Күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру нормативтерінің жобасын әзірлеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шiлдедегі № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
144
Қабылданған күні
28.06.2024
Көрсетілген редакция
28.06.2024 198293_709875.kaz
Соңғы өзгеріс
28.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034640
ЭКБ идентификаторы
198293
Редакция идентификаторы
198293_709875
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:45

0 «Күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру нормативтерінің жобасын әзірлеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шiлдедегі №281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру нормативтерінің жобасын әзірлеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шiлдедегі №281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23928 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру нормативтерінің жобасын әзірлеу әдістемесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру лимиттері бірыңғай инфрақұрылыммен біріктірілген және күкіртті ашық жерде сақтау үшін жабдықталған арнайы алаң – күкірт карталары үшін осындай күкірт картасына құю және өзге де ашық орналастыру үшін рұқсат етілген (рұқсат етілген) күкірттің шекті мөлшері (массасы) түрінде белгіленеді.
Күкірттің қоршаған ортаға әсерін болдырмайтын цистерналарда, сүрлемдерде, өзге резервуарлар мен құрылыстарда (қоймаларда) жабық тәсілмен сақталуы экологиялық нормалауға жатпайды»;
Күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру нормативтері жобасының құрамына 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру нормативтері жобасының құрамына 5-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

1 Қазақстан Республикасы

Экология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2024 жылғы 28 маусымдағы
№ 144 бұйрығына
1-қосымша/
Күкіртті ашық түрде күкірт
карталарында орналастыру
нормативтері жобасының
құрамына 3-қосымша
Алаң­ның ата­уы
Қа­зір­гі жағ­дай­ға ор­на­ла­сты­ры­л­ған кү­кірт­тің кө­ле­мі, т/жыл
Кү­кірт­тің пай­да бо­луы, т/жыл
Кү­кірт­ті ор­на­ла­сты­ру ли­мит­те­рі, т/жыл
Кү­кірт­ті қай­та өң­деу (түй­ір­шік­теу үшін қай­та бал­қы­ту және бас­қа­да опе­ра­ци­я­лар), т/ жыл
Кү­кірт­ті жө­нел­ту кө­ле­мі, т/жыл
1
2
3
4
5
6
Ескертпе:: т/жыл – жылына тонна

2 бұйрығына 2-қосымша/

Күкіртті ашық түрде күкірт
карталарында орналастыру
нормативтері жобасының
құрамына 5-қосымша
№ р/н
Іс-шараның атауы
Орындалу мерзімі
Күтілетін тиімділік
Іс-шараларды іске асыруға арналған шығындар
1
2
3
4
5
Жалпы барлық іс-шаралардың нәтижесінде

Қолданыстағы