О внесении изменений и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 апреля 2021 года № 357 «Об утверждении Правил пользования Единой нотариальной информационной системой»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 апреля 2021 года № 357 «Об утверждении Правил пользования Единой нотариальной информационной системой»
- Атауы (қаз.)
- «Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 357 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 134
- Қабылданған күні
- 22.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 22.05.2025 210754_760558.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036153
- ЭКБ идентификаторы
- 210754
- Редакция идентификаторы
- 210754_760558
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:16
0 «Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2021 жылғы 30 сәуірдегі № 357 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22702 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларында:
2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) БНАЖ-ға қолжетімділікті ашу – БНАЖ-да есептік жазбаны құру жөніндегі іс-шаралар»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Пайдаланушы БНАЖ-ға қолжетімділікті ашу үшін аумақтық нотариаттық палатаға (бұдан әрі – АНП) өтінішпен жүгінеді. Өтінішті қарастыру қорытындысы бойынша АНП қызметкері БНАЖ-да есептік жазба жасайды.»;
5-1-тармақпен мынадай редакцияда толықтырылсын:
«5-1. «Нотариат туралы» Заңның 10-бабына сәйкес нотариустың лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде БНАЖ жүйесіне қолжетімділігі де тоқтатылады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі