О внесении дополнений в постановление акимата Костанайской области от 30 ноября 2021 года № 558 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление строительства, архитектуры и градостроительства акимата Костанайской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата Костанайской области от 30 ноября 2021 года № 558 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление строительства, архитектуры и градостроительства акимата Костанайской области»
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 558 «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 233
- Қабылданған күні
- 06.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 06.06.2023 182697_635823.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23N000233A
- ЭКБ идентификаторы
- 182697
- Редакция идентификаторы
- 182697_635823
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:32
0 Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 558 «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2021 жылғы 30 қарашадағы № 558 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 17-1) және 17-2) тармақшаларымен толықтырылсын:
«17-1) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың кезектілігінің мониторингін жүзеге асырады;
17-2) авариялық (ескірген) тұрғын үйді бұзу жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға қатысады;».
2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген толықтырулар туралы әділет органдарын хабардар етуді;
2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;