О внесении изменений в решение маслихата от 30 сентября 2021 года № 63 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Наурзумском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 30 сентября 2021 года № 63 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Наурзумском районе»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 63 «Науырзым ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 150
- Қабылданған күні
- 16.10.2024
- Көрсетілген редакция
- 16.10.2024 201856_724575.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24NP102921
- ЭКБ идентификаторы
- 201856
- Редакция идентификаторы
- 201856_724575
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:10
0 Мәслихаттың 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 63 «Науырзым ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мәслихаттың «Науырзым ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 63 шешіміне (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 24701 болып тiркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімдегі қосымшаның 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу) «Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.»;
көрсетілген шешімдегі қосымшаның 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.».;
көрсетілген шешімдегі қосымшаның 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы уәкілетті органға осы шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетліген құжаттарды қоса шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Өтініш беруші оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу өтеу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және шығындарды өтеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.»;
көрсетілген шешімдегі қосымшаның 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедектігі бар балаға ағымдағы оқу жылы бойы ай сайын сегіз айлық есептік көрсеткішке тең.».