О внесении изменений в решение маслихата от 30 декабря 2021 года № 65 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Алтынсаринском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 30 декабря 2021 года № 65 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Алтынсаринском районе»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 65 «Алтынсарин ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 104
- Қабылданған күні
- 30.10.2024
- Көрсетілген редакция
- 30.10.2024 202385_726796.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24NE103051
- ЭКБ идентификаторы
- 202385
- Редакция идентификаторы
- 202385_726796
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 08:59
0 Мәслихаттың 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 65 «Алтынсарин ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мәслихаттың 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 65 «Алтынсарин ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 26386 болып тiркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасының 2, 4, 6 және 7-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) «Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – өкілетті орган) мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізіледі.»;
«4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.»;
«6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ақционерлік қоғамы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) осы шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Өтініш беруші оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және шығындарды өтеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.»;
«7. Оқу жылы ішінде мүгедектігі бар әр балаға оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу мөлшері ай сайын сегіз айлық есептік көрсеткішке тең.».