О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 30 апреля 2021 года № 95 «Об установлении дополнительных мер поощрения педагогов Мангистауской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 30 апреля 2021 года № 95 «Об установлении дополнительных мер поощрения педагогов Мангистауской области»
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облысы әкімдігінің «Маңғыстау облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларын белгілеу туралы» 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 95 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 35
- Қабылданған күні
- 10.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 10.03.2022 165448_564269.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22M0027162
- ЭКБ идентификаторы
- 165448
- Редакция идентификаторы
- 165448_564269
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:12
0 Маңғыстау облысы әкімдігінің
«Маңғыстау облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларын белгілеу туралы» 2021 жылғы 30 сәуірдегі
№ 95 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Маңғыстау облысы әкімдігінің «Маңғыстау облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларын белгілеу туралы» 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 95 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4511 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
қазақ тіліндегі 5-тармақтың бесінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Салпыншақтың (реверс) қарама-қарсы бетінде қалам мен ашық кітаптың бейнесі орналастырылады.»;
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Қосымша көтермелеу шаралары бойынша құжаттарды қабылдау уақыты жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, Маңғыстау облысы әкімдігінің және Басқарманың ресми сайттарында құжат қабылдау басталатын уақыттан 30 (отыз) күн бұрын жарияланады.»;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасында:
орыс тіліндегі 2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары жаңа редакцияда
жазылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
орыс тіліндегі 5-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
қазақ тіліндегі 9-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Оқушылар орталықтары, шығармашылық үйлері, аула клубтары, өнер мектептерінің үздік педагогтар осы Тәртіптің 1-қосымшасының 3-тарауы, 6-тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда қатысады.»;
12-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) облыстық және республикалық деңгейлерде таратылған жұмыстар тәжірибелерінің материалдары (соңғы 5 жылдағы әдістемелік нұсқаулықтар, бейнероликтер);»;
орыс тіліндегі 12-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;