О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2021 года № 966 «Об утверждении Правил и размера осуществления денежной выплаты ветеранам дипломатической службы Республики Казахстан, занимавшим должность Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан, Постоянного (Полномочного) представителя Республики Казахстан при международной организации или имеющим дипломатический ранг Чрезвычайного и Полномочного Посла»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2021 года № 966 «Об утверждении Правил и размера осуществления денежной выплаты ветеранам дипломатической службы Республики Казахстан, занимавшим должность Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан, Постоянного (Полномочного) представителя Республики Казахстан при международной организации или имеющим дипломатический ранг Чрезвычайного и Полномочного Посла»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидаларын және мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 966 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 365
- Қабылданған күні
- 11.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 11.05.2024 196715_699992.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2400000365
- ЭКБ идентификаторы
- 196715
- Редакция идентификаторы
- 196715_699992
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:35
0 «Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан
Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті)
өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші
дипломаттық дәрежесі бар Қазақстан Республикасының дипломатиялық
қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидаларын және
мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы
30 желтоқсандағы № 966 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидаларын және мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 966 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидаларында және мөлшерінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары және мөлшері»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру қағидалары және мөлшері (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 29-1-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемді жүзеге асыру тәртібін және мөлшерін айқындайды.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ардагері (бұдан әрі − дипломатиялық қызмет ардагері) − бұрын Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің персоналы лауазымын атқарған, жалпы еңбек өтілі жиырма бес жылдан кем емес, оның он жылында Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарында жұмыс істеген және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адам;»;
3-тармақтың бірінші абзацында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.