О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2021 года № 971 «О некоторых вопросах реорганизации подведомственных организаций Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2021 года № 971 «О некоторых вопросах реорганизации подведомственных организаций Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарын қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 971 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1128
- Қабылданған күні
- 30.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2022 181536_631648.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200001128
- ЭКБ идентификаторы
- 181536
- Редакция идентификаторы
- 181536_631648
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:51
0 «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарын қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 971 қаулысына
өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарын қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 971 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қазгеология) акцияларының мемлекеттік пакеті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілсін.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазгеология акцияларының мемлекеттік пакетінің «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілуін;»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен (келісу бойынша) бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 4-тармағында айқындалған қызметті жүзеге асыру үшін қажетті мүлікті «Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамына беруді қамтамасыз етсін.».