Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 30 июня 2022 года № 126 Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление государственных закупок и коммунальной собственности Западно-Казахстанской области»

Қаулы · № 135 · қабылданған 20.06.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2022-no-126/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнения в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 30 июня 2022 года № 126 Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление государственных закупок и коммунальной собственности Западно-Казахстанской области» Қолданыста Қаулы ·№ 135 ·20.06.2025
20.06.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 30 июня 2022 года № 126 Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление государственных закупок и коммунальной собственности Западно-Казахстанской области»

Қолданыста Қаулы ·№ 135 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 30 июня 2022 года № 126 Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление государственных закупок и коммунальной собственности Западно-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № 126 «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
135
Қабылданған күні
20.06.2025
Көрсетілген редакция
20.06.2025 211702_763405.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25Z000135A
ЭКБ идентификаторы
211702
Редакция идентификаторы
211702_763405
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:47

0 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 30 маусымдағы №126 «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасының Кодексі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы», Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 10 қаңтардағы №155-VIII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» негізінде Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 30 маусымдағы №126 «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақ келесідей мазмұндағы 23-1 тармақшамен толықтырылсын:

23-1 «23-1) бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді уақтылы немесе толық төлемеген жағдайда өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады;».

2 2. «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т.Е. Каюповқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы