Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение маслихата города Шымкент от 30 марта 2022 года № 14/124-VII «О корректировке базовых ставок земельного налога»

Өзге акт · № 21/196-VII · қабылданған 29.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2022-no-14124-vii/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменения в решение маслихата города Шымкент от 30 марта 2022 года № 14/124-VII «О корректировке базовых ставок земельного налога» Қолданыста Өзге акт ·№ 21/196-VII ·29.09.2022
29.09.2022 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение маслихата города Шымкент от 30 марта 2022 года № 14/124-VII «О корректировке базовых ставок земельного налога»

Қолданыста Өзге акт ·№ 21/196-VII · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение маслихата города Шымкент от 30 марта 2022 года № 14/124-VII «О корректировке базовых ставок земельного налога»
Атауы (қаз.)
«Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» 2022 жылғы 30 наурыздағы № 14/124-VII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
21/196-VII
Қабылданған күні
29.09.2022
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2023
Көрсетілген редакция
29.09.2022 173159_598020.kaz
Соңғы өзгеріс
29.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22E0030294
ЭКБ идентификаторы
173159
Редакция идентификаторы
173159_598020
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:43

0 «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы»

2022 жылғы 30 наурыздағы №14/124-VII Шымкент қаласы
мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Шымкент қаласы мәслихатының «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» 2022 жылғы 30 наурыздағы №14/124-VII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №27553 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

1 «1. Шымкент қаласының жерлерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) негізінде Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 505, 506 және 510- баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері:

1, 2, 3 аймақтарда орналасқан жерлер үшін, автотұрақтар (паркингтер), автожанармай құю станциялары орналасқан, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығына арналмаған жерлерді қоспағанда, 50 (елу) пайызға арттырылсын;
4 аймақта орналасқан жерлер үшін автотұрақтар (паркингтер), автожанармай құю станциялары орналасқан, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығына арналмаған жерлерді қоспағанда, 40 (қырық) пайызға арттырылсын;
5, 6, 7-аймақтарда орналасқан жерлер үшін, автотұрақтар (паркингтер), автожанармай құю станциялары, ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығына арналмаған жерлерді қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінің 505 бабына сәйкес бекітілген базалық мөлшерлемелері қалдырылсын;
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7-аймақтарда ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер үшін 50 (елу) пайызға төмендетілсін.».

2 2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы