Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2022 года № ҚР ДСМ-143 «Об утверждении Правил ведения учета, мониторинга и прогнозирования (моделирования) в области биологической безопасности»

Бұйрық · № 52 · қабылданған 03.06.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2022-no-143/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2022 года № ҚР ДСМ-143 «Об утверждении Правил ведения учета, мониторинга и прогнозирования (моделирования) в области биологической безопасности» Қолданыста Бұйрық ·№ 52 ·03.06.2025
03.06.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2022 года № ҚР ДСМ-143 «Об утверждении Правил ведения учета, мониторинга и прогнозирования (моделирования) в области биологической безопасности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 52 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2022 года № ҚР ДСМ-143 «Об утверждении Правил ведения учета, мониторинга и прогнозирования (моделирования) в области биологической безопасности»
Атауы (қаз.)
«Биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-143 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
52
Қабылданған күні
03.06.2025
Көрсетілген редакция
03.06.2025 211072_764156.kaz
Соңғы өзгеріс
03.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036222
ЭКБ идентификаторы
211072
Редакция идентификаторы
211072_764156
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:05

0 «Биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-143 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30868 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеу) қағидаларында:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Тізілімдер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша қалыптастырылады және жүргізіледі.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

0 «Биологиялық қауіпсіздік саласындағы тізілім» әкімшілік деректерін өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме (индекс: 1-РББ, нысанның кезеңділігі: өсу қорытындысымен тоқсан сайын)

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2025 жылғы 3 маусымдағы
№ 52 бұйрығына
қосымша
Биологиялық қауіпсіздік
саласындағы есепке алуды,
мониторингтеуді жүргізу және
болжау (модельдеу)
қағидаларына
1-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысан
Ұсынылады: биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға, ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, ғылым саласындағы уәкілетті органдарға және олардың аумақтық бөлімшелеріне.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: «Биологиялық қауіпсіздік саласындағы тізілім»
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-РББ
Кезеңділігі: тоқсан сайын.
Есепті кезең: 20____ жылғы _________ (айы).
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: субъектілер, аумақтық бөлімшелер, тиісті реттеу саласындағы мемлекеттік және уәкілетті органдар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
аумақтық бөлімшелер тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейін өзектендірілген тізілімдерді тиісті мемлекеттік органдарға жібереді;
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы, ветеринария, өсімдіктерді қорғау, ғылым саласындағы, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік органдар тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін жиынтық тізілімдерді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді.
ЖСН/БСН
Жинау әдісі: қағаз немесе электронды форматта
Биологиялық қауіпсіздік саласындағы тізілім

ПБА-мен жұ­мыс іс­те­уді жү­зе­ге асы­ра­тын субъ­ек­ті­нің ата­уы
ЫҚ­БО-ның ти­е­сі­лі­гі және ор­на­лас­қан же­рі­нің нақ­ты ме­кен­жайы
Осы ЫҚ­БО-да жұ­мыс іс­те­у­ге рұқ­сат еті­л­ген па­то­ген­ді­гі I және II топ­тар­да­ғы ПБА
(жұ­мыс іс­те­уді жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де)
ПБА-мен жұ­мыс іс­те­у­ге рұқ­сат­тың нө­мі­рі мен кү­ні
Па­то­ген­ді­гі I және II топ­тар­да­ғы ПБА-мен жұ­мыс іс­те­у­ге рұқ­сат еті­л­ген ма­ман­дар
(жұ­мыс іс­те­уді жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де)
Кадр ре­зер­ві
ТАӘ
(бар бол­са)
Ла­у­а­зы­мы
Био­ло­ги­я­лық қа­уіп­сіз­дік са­ла­сын­да­ғы сер­ти­фи­кат­тау кур­сы ту­ра­лы ку­ә­лік­тің, бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру ту­ра­лы құ­жат­тың нө­мі­рі мен кү­ні
Па­то­ген­ді­гі I және II топ­тар­да­ғы ПБА-мен жұ­мыс іс­те­у­ге рұқ­сат бе­ру ту­ра­лы бұй­рық­тың нө­мі­рі мен кү­ні
ТАӘ
(бар бол­са)
Био­ло­ги­я­лық қа­уіп­сіз­дік са­ла­сын­да­ғы сер­ти­фи­кат­тау кур­сы ту­ра­лы ку­ә­лік­тің, бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру ту­ра­лы құ­жат­тың нө­мі­рі мен кү­ні
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Атауы _________________________________
_______________________________________
Мекенжайы ___________________________
______________________________________
Телефоны __________________________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы________________________________________________________
Орындаушы ________________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам___________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы
Мөрге арналған орын (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)___________________________
«Биологиялық қауіпсіздік саласындағы тізілім» әкімшілік деректерін
өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
(индекс: 1-РББ, нысанның кезеңділігі: өсу қорытындысымен тоқсан сайын)

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы түсіндірме «Биологиялық қауіпсіздік саласындағы тізілім» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

2

2. Нысанды ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілер толтырады және биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға, ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, ғылым саласындағы уәкілетті органдарға және олардың аумақтық бөлімшелеріне ұсынады.

3 3. Нысан мынадай мерзімдерде беріледі:

аумақтық бөлімшелер тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейін өзектендірілген тізілімдерді тиісті мемлекеттік органдарға жібереді;
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы, ветеринария, өсімдіктерді қорғау, ғылым саласындағы, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік органдар тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін жиынтық тізілімдерді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді.

4 4. Нысанға тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

5 5. Нысан бір жылдағы өсу қорытындысымен толтырылады және ұсынылады.

6 6. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

7 7. Әкімшілік деректер нысанында пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

1 1) патогенді биологиялық агент – адамның, жануардың немесе өсімдіктің организмінде инфекциялық және (немесе) паразиттік процесті туғызуға қабілетті микроорганизмдер, биологиялық және өсімдіктен алынатын улар (уыттар), гельминттер, нематодтар;

2 2) ықтимал қауіпті биологиялық объект – патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі қызмет жүзеге асырылатын жылжымайтын (стационарлық) немесе орналастырылатын мобильді объект;

3

3) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын маман (бұдан әрі – маман) – техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі білімі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары білімнен кейінгі білімі және (немесе) ғылыми дәрежесі бар және патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге белгіленген тәртіппен жіберілген жеке тұлға.

2 2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

1 1. 1-бағанда реттік нөмір көрсетіледі.

2 2. 2-бағанда ПБА-мен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектінің атауы көрсетіледі.

3 3. 3-бағанда ЫҚБО-ның тиесілігі және нақты орналасқан жерінің мекенжайы көрсетіледі.

4 4. 4-бағанда осы ЫҚБО-да (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде) жұмыс істеуге рұқсат етілген патогендігі I және II топтардағы ПБА көрсетіледі.

5 5. 5-бағанда ПБА-мен жұмыс істеуге рұқсаттың нөмірі мен күні көрсетіледі.

6

6. 6, 7, 8 және 9-бағандарда патогендігі I және II топтардағы ПБА-мен (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде) жұмыс істеуге рұқсат етілген мамандар, оның ішінде: ТАӘ (бар болса); лауазымы; биологиялық қауіпсіздік саласындағы сертификаттау курсы туралы куәліктің, біліктілікті арттыру туралы құжаттың нөмірі мен күні; патогендігі I және II топтардағы ПБА-мен жұмыс істеуге рұқсат ету туралы бұйрықтың нөмірі мен күні көрсетіледі.

7 7. 10 және 11-бағандарда кадр резерві, оның ішінде: ТАӘ (бар болса); биологиялық қауіпсіздік саласындағы сертификаттау курсы туралы куәліктің, біліктілікті арттыру туралы құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі.

Аббревиатуралар мен қысқартуларды ашып жазу:
ПБА – патогенді биологиялық агент;
ЫҚБО – ықтимал қауіпті биологиялық объект;
ТАӘ. – тегі, аты, әкесінің аты.

Қолданыстағы