Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 30 июня 2022 года № 16/155 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Каракиянском районе»

Өзге акт · № 18/183 · қабылданған 19.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2022-no-16155/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 30 июня 2022 года № 16/155 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Каракиянском районе» Қолданыста Өзге акт ·№ 18/183 ·19.09.2022
19.09.2022 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 30 июня 2022 года № 16/155 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Каракиянском районе»

Қолданыста Өзге акт ·№ 18/183 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 30 июня 2022 года № 16/155 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Каракиянском районе»
Атауы (қаз.)
Қарақия аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 маусымдағы № 16/155 «Қарақия ауданындағы мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
18/183
Қабылданған күні
19.09.2022
Көрсетілген редакция
19.09.2022 172103_593590.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22MD029774
ЭКБ идентификаторы
172103
Редакция идентификаторы
172103_593590
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:57

0 Қарақия аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 маусымдағы

№ 16/155 «Қарақия ауданындағы мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Қарақия аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 маусымдағы № 16/155 «Қарақия ауданындағы мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28809 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қарақия ауданындағы мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;
шешімнің 1-тармағы келесідей мазмұнда жазылсын:
« 1. Қарақия ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Қарақия ауданындағы мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

Қарақия аудандық мәслихатының
2022 жылғы 30 маусымдағы
№ 16/155 шешіміне қосымша
Қарақия аудандық мәслихатының
2022 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 18/183 шешіміне қосымша
Қарақия ауданындағы мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған
шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

1

1. Осы Қарақия ауданындағы мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету Қағидаларына (бұдан әрі -шығындарды өтеу Қағидалары) сәйкес әзірленді.

2

2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі-оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) «Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орынының анықтамасы негізінде жүргізеді.

3

3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттің қамтамасыз етуіндегі мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

4 4. Оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу психологиялық- медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.

5

5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда мүгедектігі бар балаға (он сегіз жасқа толуы, мүгедектігі бар мерзімінің аяқталуы, мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы, Қарақия ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кетуі) төлем тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

6 6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттар тізбесі шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте, қандастармен жеке басын сәйкестендіру үшін, жеке басын куәландыратын құжат орнына қандас куәлігін ұсынады.

7 7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері әр мүгедектігі бар балаға ай сайын бес айлық есептік көрсеткішке тең.

8 8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері шығындарды өтеу Қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Қолданыстағы