О внесении изменений в решение маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 30 марта 2022 года № 20/3 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в районе Шал акына Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 30 марта 2022 года № 20/3 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в районе Шал акына Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 20/3 «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 27/3
- Қабылданған күні
- 22.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 22.11.2022 174109_602366.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22SN030693
- ЭКБ идентификаторы
- 174109
- Редакция идентификаторы
- 174109_602366
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:49
0 Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 20/3
«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды
жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2022 жылғы 30 наурыздағы № 20/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27449 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
1 «1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
осы шешімнің қосымшасына сәйкес көрсетілген шешімге қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері
Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы мәслихатының
2022 жылғы 22 қарашадағы № 27/3
шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы мәслихатының
2022 жылғы 30 наурыздағы № 20/3
шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері
1
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына (бұдан әрі - шығындарды өтеу Қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
2
2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу) мүгедектігі бар баланы үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
3
3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамтамасыз етуіндегі мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне отбасының табысына қарамастан беріледі.
4
4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу «Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шал ақын ауданының өңірлік психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.
5
5. Оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңінде, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы, алушының Шал ақын ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кетуі немесе мүгедектігі бар баланы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемеге тұруға жіберу) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.