О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 30 сентября 2022 года № 389-НҚ «Об утверждении Правил субсидирования ставки вознаграждения по выдаваемым кредитам и совершаемым лизинговым сделкам банками второго уровня, Банком Развития Казахстана, иными юридическими лицами, осуществляющими лизинговую деятельность, зарубежным покупателям отечественных высокотехнологичных товаров и услуг обрабатывающей промышленности, которые подле
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 30 сентября 2022 года № 389-НҚ «Об утверждении Правил субсидирования ставки вознаграждения по выдаваемым кредитам и совершаемым лизинговым сделкам банками второго уровня, Банком Развития Казахстана, иными юридическими лицами, осуществляющими лизинговую деятельность, зарубежным покупателям отечественных высокотехнологичных товаров и услуг обрабатывающей промышленности, которые подле
- Атауы (қаз.)
- «Қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын, шикізаттық емес
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 72-НҚ
- Қабылданған күні
- 14.02.2023
- Көрсетілген редакция
- 14.02.2023 178706_619827.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.02.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300031909
- ЭКБ идентификаторы
- 178706
- Редакция идентификаторы
- 178706_619827
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:24
0
«Қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мақсаттары үшін өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 389-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мақсаттары үшін өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 389-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29930 болып тіркелді) өзгерістер енгізуді БҰЙЫРАМЫН:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Субсидиялауға арналған қаражатты ұлттық валютада ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген ақша шегінде субсидиялар сомаларын аудару күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде белгіленген бағам бойынша уәкілетті орган қазынашылық бөлімшесінде ашылған қаржы агентінің шотына олардың арасында жасалатын қаражатты аударуға арналған шарт негізінде, кредиттік шарттар/лизинг шарттары бойынша тиісті қаржы жылына арналған кестелер бойынша көзделген сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінің көлеміне сәйкес келетін сомада аударады.
Одан арғы төлемдер қолданыстағы және жаңа кредиттік шарттар/лизинг шарттары шеңберінде алдағы қаржы жылына арналған субсидиялар қажеттілігі бойынша жыл сайынғы негізде қаржы агентінің өтінімдері бойынша жүзеге асырылады.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Кредитор/лизингтік компания субсидиялар қаражатын қазынашылық бөлімшесінде ашылған қаржы агентінің шотына төмендегі жағдайларда қайтарады:
1) субсидиялау тоқтатылған жағдайда - қаржы агентінің субсидиялауды тоқтату туралы шешімін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
2) кредит/лизингтік мәміле бойынша ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда - қолданыстағы және/немесе субсидиялауға мақұлданған жаңа кредитті/лизингтік мәмілені субсидиялауға қайта бағыттау үшін кредитті/лизингтік мәмілені толық/ішінара өтеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
Бұл ретте, кредитор/лизингтік компания субсидиялар сомасының қалдықтарын қаржы агентінің шотына қайтаруды жүзеге асырғаннан кейін келесі жұмыс күні қаржы агентіне төленуге тиесілі субсидиялар сомасын көрсете отырып хат және қарыз алушы, кредиттік шарт/қаржы лизингі шарты, субсидиялау шарты бойынша өзгертілген төлемдер графиктері, оның ішінде Microsoft Excel (Майкрософт эксель) электрондық форматында деректерді көрсете отырып, сомалардың толық жазылуын жібереді.».
2 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты ілгерілету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі