Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 декабря 2022 года № 542 «Об установлении региональной квоты приема кандасов и переселенцев на 2023 год»

Бұйрық · № 474 · қабылданған 15.11.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2022-no-542-2023/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 декабря 2022 года № 542 «Об установлении региональной квоты приема кандасов и переселенцев на 2023 год» Қолданыста Бұйрық ·№ 474 ·15.11.2023
15.11.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 декабря 2022 года № 542 «Об установлении региональной квоты приема кандасов и переселенцев на 2023 год»

Қолданыста Бұйрық ·№ 474 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 декабря 2022 года № 542 «Об установлении региональной квоты приема кандасов и переселенцев на 2023 год»
Атауы (қаз.)
«Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 542 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
474
Қабылданған күні
15.11.2023
Көрсетілген редакция
15.11.2023 188337_665290.kaz
Соңғы өзгеріс
15.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033641
ЭКБ идентификаторы
188337
Редакция идентификаторы
188337_665290
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 15:44

0 «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 542 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31623 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 542 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мынадай:
1) қандастарды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасының саны 2 337 адам;
2) қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасының саны 6 592 адам болып белгіленсін.».

2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды;

4 4) осы бұйрықты жұмыста басшылық ету үшін облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінің назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»

Қолданыстағы