Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2022 года № ҚР ДСМ-60 «Об утверждении правил организации оказания медицинской помощи лицам, больным туберкулезом, содержащимся в учреждениях уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы»

Бұйрық · № 22 · қабылданған 17.03.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2022-no-60/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2022 года № ҚР ДСМ-60 «Об утверждении правил организации оказания медицинской помощи лицам, больным туберкулезом, содержащимся в учреждениях уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы» Қолданыста Бұйрық ·№ 22 ·17.03.2025
17.03.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2022 года № ҚР ДСМ-60 «Об утверждении правил организации оказания медицинской помощи лицам, больным туберкулезом, содержащимся в учреждениях уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы»

Қолданыста Бұйрық ·№ 22 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2022 года № ҚР ДСМ-60 «Об утверждении правил организации оказания медицинской помощи лицам, больным туберкулезом, содержащимся в учреждениях уголовно-исполнительной (пенитенциарной) системы»
Атауы (қаз.)
«Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-60 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
22
Қабылданған күні
17.03.2025
Көрсетілген редакция
17.03.2025 208809_752464.kaz
Соңғы өзгеріс
17.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035927
ЭКБ идентификаторы
208809
Редакция идентификаторы
208809_752464
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:35

0 «Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-60 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-60 бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22672 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 59-1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің (бұдан әрі – ҚАЖ) мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмекті ұйымдастыру тәртібін айқындайды.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаларына қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

1 Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау
министрінің м.а.
2025 жылғы 17 наурыздағы
№ 22
Бұйрыққа қосымша
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық)
жүйесінің мекемелерінде ұсталатын
туберкулезбен ауыратын адамдарға
медициналық көмек көрсетуді
ұйымдастыру қағидаларына
қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік).
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.dsm.gov.kz интернет-ресурста орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: «Аумақтық фтизиопульмонология орталығының құрылымдық бөлімшесінен, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылатын, диспансерлік есепке алу тобында тұратын туберкулезбен ауыратын адамдардың тізімі».
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: І ДЕТ.
Кезеңділік: ай сайын
Есепті кезең: ____________20___жылғы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы:

1 1) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумақтық фтизиопульмонология орталығының құрылымдық бөлімшесі;

2 2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау басқармалары.

Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:

1 1) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумақтық фтизиопульмонология орталығының құрылымдық бөлімшесі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау басқармаларына ақпаратты есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей ұсынады;

2 2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау басқармалары ақпаратты Министрлікке есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей ұсынады.

ЖСН/БСН
Жинау әдісі – қағаз және электронды түрде.
____________________________________________________________облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемесі

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні
Тізімді жіберген мекеменің атауы
Диагнозы/ ДЕТ
Босатылған сәтінде
Босатылған күні
Мекенжайы (үй және сотталғанның көрсеткен мекенжайы); нақты үйінің мекенжайы (арнайы бөлім бойынша)
ТМБ + / –
Емдеуді бастау күні, емдеу схемасы
1
2
3
4
5
6
7
8
Телефоны _______________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________
Орындаушы______________________________________қолы_______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам____________________________
_______________________________________ қолы_______________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөрдің орны (бар болған жағдайда) (жеке кәсіпкерлер болып табылатын
тұлғаларды қоспағанда) _______________________________________________
Ескертпе: «Аумақтық фтизиопульмонология орталығының құрылымдық
бөлімшесінен, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылатын,
диспансерлік есепке алу тобында тұратын туберкулезбен ауыратын адамдардың
тізімі» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша
түсініктеме осы нысанға қосымшада көрсетілген.
Атауы:____________________________
Мекенжайы:______________________
__________________________________ ________________________________

2 «Аумақтық фтизиопульмонология

орталығының құрылымдық
бөлімшесінен, қылмыстық-атқару
жүйесі мекемелерінен
босатылатын, диспансерлік есепке
алу тобында тұратын туберкулезбен
ауыратын адамдардың тізімі»
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға қосымша

1 1. Нысанның «Реттік нөмірі» деген 1-бағанында реті бойынша нөмірлеу көрсетіледі және кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс;

2 2. Нысанның 2-бағанында адамдар туралы жеке деректер көрсетіледі;

3 3. Нысанның 3-бағанында адамдардың тізімін жіберген мекеменің атауы көрсетіледі;

4 4. Нысанның 4-бағанында диагнозы мен ДЕТ көрсетіледі;

5 5. Нысанның 5 және 6-бағандарында туберкулез микробактериясы мен емнің тағайындалған күні, босатылған сәттегі емнің схемасы туралы мәлімет көрсетіледі;

6 6. Нысанның 7-бағанында босатылған күні туралы мәлімет көрсетіледі;

7 7. Нысанның 8-бағанында мекенжайы көрсетіледі.

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
І ДЕТ - диспансерлік есепке алу тобы;
ТМБ – туберкулез микобактериялары.

Қолданыстағы