О внесении дополнений в постановление акимата города Алматы от 30 января 2023 года № 1/47 «Об утверждении положений аппаратов акимов районов города Алматы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата города Алматы от 30 января 2023 года № 1/47 «Об утверждении положений аппаратов акимов районов города Алматы»
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы аудандары әкімдері аппараттарының ережелерін бекіту туралы» 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 1/47 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2/241
- Қабылданған күні
- 09.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 09.04.2024 195629_695034.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24R002241A
- ЭКБ идентификаторы
- 195629
- Редакция идентификаторы
- 195629_695034
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:08
0 Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы аудандары әкімдері аппараттарының ережелерін бекіту туралы» 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 1/47 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы аудандары әкімдері аппараттарының ережелерін бекіту туралы» 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 1/47 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты», «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты», «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты», «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты», «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты», «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты», «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты», «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің ережелеріндегі:
15 тармақ келесі мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі мәселелерді анықтау;».
2 2. Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1 1) Алматы қаласының әділет органдарына олардың Құрылтай құжаттарына енгізілген өзгеріс туралы хабарлауды;
2
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін.