Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Алакольского районного маслихата от 30 ноября 2023 года № 16-1 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Алакольского района»

Өзге акт · № 62-2 · қабылданған 27.04.2026
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2023-no-16-1/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Алакольского районного маслихата от 30 ноября 2023 года № 16-1 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Алакольского района» Күшін жойған 16.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в решение Алакольского районного маслихата от 30 ноября 2023 года № 16-1 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Алакольского района»

Күшін жойған Өзге акт № 62-2 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Алакольского районного маслихата от 30 ноября 2023 года № 16-1 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Алакольского района»
Атауы (қаз.)
Алакөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы «Алакөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 16-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
62-2
Қабылданған күні
27.04.2026
Қолданысқа енгізілген күні
10.05.2026
Көрсетілген редакция
16.09.2026 I224682_2.kaz
Соңғы өзгеріс
16.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26ID00622M
ЭКБ идентификаторы
224682
Редакция идентификаторы
I224682_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
19.09.2026 03:40
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Алакөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы «Алакөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 16-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Алакөл аудандық мәслихатының 16.09.2026 № 68-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Алакөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы «Алакөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 16-1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 189343 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Алакөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Біржолғы әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
1) 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні;
2) 26 сәуір - Халықаралық Чернобыль атом электр станциясындағы апат құрбандарын еске алу күні;
3) 9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні;
4) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні;
5) 10 қазан – Мүгедектігі бар адамдар күні.
7-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Әлеуметтік маңызы бар аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі деп танылған тұлғалар (отбасы):
әлеуметтік маңызы бар оның ішінде: туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға жан басына шаққандағы орташа кірісін есепке алмай - 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш, ай сайын;
адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жан басына шаққандағы орташа кірісін есепке алмай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде, ай сайын;
7-тармақтың 9)-10) тармақшалары алып тасталсын;
7-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) мүгедектігі бар балалардың заңды өкілдерінің біріне және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды санаторлық-курорттық емделуге алып (еріп) жүретін адамдарға жан басына шаққандағы орташа кірісін есепке алмай, жылына бір рет санаторлық-курорттық емделуге кепілдік берілген соманың 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде әлеуметтік көмек;
7-тармақтың 12) тармақшасы алып тасталсын;
7-тармақтың 13)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
13) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар күніне - 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (ата-аналарының біріне немесе өзге де заңды өкілдеріне) 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жылына бір рет.
7. 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7.1. Жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай, бірақ кепілдік берілген сомадан артық емес, жылына бір рет санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек:
1) осы қағиданың 7-тармағының 1)-5) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға;
2) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргіндерге ұшыраған тұлғаларға.»

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.