Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата области Абай от 30 октября 2023 года № 188 «Об утверждении Положения о специальной комиссии»

Қаулы · № 67 · қабылданған 02.04.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2023-no-188/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата области Абай от 30 октября 2023 года № 188 «Об утверждении Положения о специальной комиссии» Қолданыста Қаулы ·№ 67 ·02.04.2024
02.04.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата области Абай от 30 октября 2023 года № 188 «Об утверждении Положения о специальной комиссии»

Қолданыста Қаулы ·№ 67 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата области Абай от 30 октября 2023 года № 188 «Об утверждении Положения о специальной комиссии»
Атауы (қаз.)
«Арнайы комиссия туралы ереженi бекiту туралы» Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 30 қазандағы № 188 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
67
Қабылданған күні
02.04.2024
Көрсетілген редакция
02.04.2024 195150_691868.kaz
Соңғы өзгеріс
02.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24F000067A
ЭКБ идентификаторы
195150
Редакция идентификаторы
195150_691868
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:13

0 «Арнайы комиссия туралы ереженi бекiту туралы» Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 30 қазандағы № 188 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Арнайы комиссия туралы ереженi бекiту туралы» Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 30 қазандағы № 188 қаулысына келесі өзерістер енгізілсін:

осы қаулының кіріспе бөлімі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына және «Арнайы комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 344 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33314 болып тіркелген),»;
Арнайы комиссия туралы ереженің мемлекеттік тілдегі қосымшасында:
«өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты» сөздері жойылсын.

2 2. «Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1

1) осы қаулыны мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы қаулыны Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы