О внесении изменений в решение Майского районного маслихата от 30 ноября 2023 года № 2/6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Майского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Майского районного маслихата от 30 ноября 2023 года № 2/6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Майского района»
- Атауы (қаз.)
- Май аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы № 2/6 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1/17
- Қабылданған күні
- 29.08.2024
- Көрсетілген редакция
- 21.05.2026 200396_822651.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.05.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24PJ759014
- ЭКБ идентификаторы
- 200396
- Редакция идентификаторы
- 200396_822651
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:53
0 Май аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы № 2/6
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Май аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 30 қарашадағы № 2/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 7432-14 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
7-тармақ 8) тармақшасының төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға, пробация қызметінің есебінде болуы негіз болып табылады;»;
8-тармақ 2) тармақшасында:
сегізінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«әлеуметтік маңызы бар ауруларға тап болған (туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы, қатерлі ісіктер, қант диабеті, психикалық, мінез-құлық бұзылулары (аурулары), балалардың церебралдық параличі, миокардтың жіті инфаргі (алғашқы 6 ай), ревматизм, дәнекер тіннің жүйелі зақымданулары, нерв жүйесінің дегенерациялық аурулары, орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші аурулары, орфандық аурулар) азаматтарға 15 (он бес) АЕК мөлшерінде Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Май аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ұсынған тізімі немесе Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында, 3) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде;»;
тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші абзацтар алып тасталсын.