О внесении изменений и дополнений в приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 272 «Об утверждении Правил организации и финансирования мер по содействию предпринимательской инициативе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 272 «Об утверждении Правил организации и финансирования мер по содействию предпринимательской инициативе»
- Атауы (қаз.)
- «Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 107
- Қабылданған күні
- 17.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 17.04.2024 195738_696401.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034266
- ЭКБ идентификаторы
- 195738
- Редакция идентификаторы
- 195738_696401
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:58
0 «Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32956 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:
18-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Комиссия отырысы мансап орталықтарының әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде трансляцияланады және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып түсіріледі. Комиссия отырысының жазбасы еңбек мобильділігі орталығында он екі ай бойы электрондық жеткізгіште сақталады. Үміткердің бизнес-жобаны онлайн қорғауына жол беріледі.»;
18-тармақ мынадай мазмұндағы он үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Комиссияның шешімі еңбек мобильділігі орталығының интернет-ресурсында орналастырылады.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Грант қаражатын нысаналы пайдалануды грант алушы бизнес-жобаға сәйкес Порталда растайтын құжаттарды ұсыну арқылы грант алған күннен бастап үш ай ішінде растайды.
Грант алушы Порталда растайтын құжаттарды ұсына отырып, бизнес-жоспардың іске асырылу барысы туралы он екі ай ішінде тоқсан сайын есеп тапсырады.
Гранттардың нысаналы пайдаланылу мониторингін бақылауды еңбек мобильділігі орталығы мансап орталығы арқылы жүзеге асырады.»;
38-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 79-бабына сәйкес сенім білдірілген өкілге (агентке) микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аз кәсіпкерлер;»;
38-тармақ мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 79-бабына сәйкес салық органдарында тіркелу мерзімі үш жылдан астам мерзімді құрайтын жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер үшін соңғы 2 (екі) жылда салық аударымдары бойынша оң динамикасының болуы;
8) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 79-бабына сәйкес салық органдарында тіркелу мерзімі үш жылдан астам мерзімді құрайтын дара кәсіпкерлер үшін микрокредит алған күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде кемінде 1 (бір) жаңа тұрақты жұмыс орнын құру.»;
41-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Сенім білдірілген өкіл (агент) ағымдағы бюджеттік кредит бойынша қаражат толық игерілген кезде бұрын берілген микрокредиттер бойынша үміткерлер қайтарған қаражат есебінен осы Қағидалардың 38-тармағына сәйкес талаптарда сенім білдірілген өкіл (агент) мен халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган арасында жасалған тапсырма шартының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге үміткерлерге қайта микрокредит беруді жүзеге асырады.»;
44-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бизнес-жобаны бағалаудан кейін сенім білдірілген өкіл (агент) 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттарды және бағалау нәтижелерін жастарға микрокредит беру жөніндегі конкурстық комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) ұсыну үшін халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға жібереді.»;
44-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Комиссия құрамында 7 (жеті) адам, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, өңірлік кәсіпкерлер палатасы филиалдарының, қоғамдық бірлестіктердің, бизнес, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен және мәслихат депутаттарынан тұратын облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімінің шешімімен құрылады.»;
45-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Жастарға микрокредит беру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы кемінде айына бір рет өткізіледі.»;
3-параграф алып тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі