Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 434 «Об утверждении размеров оплаты гарантированной государством юридической помощи, оказанной адвокатом, юридическим консультантом, и возмещения расходов, связанных с правовым консультированием, защитой и представительством, а также проведением примирительных процедур»

Бұйрық · № 521 · қабылданған 24.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2023-no-434/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 434 «Об утверждении размеров оплаты гарантированной государством юридической помощи, оказанной адвокатом, юридическим консультантом, и возмещения расходов, связанных с правовым консультированием, защитой и представительством, а также проведением примирительных процедур» Қолданыста Бұйрық ·№ 521 ·24.09.2025
24.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 434 «Об утверждении размеров оплаты гарантированной государством юридической помощи, оказанной адвокатом, юридическим консультантом, и возмещения расходов, связанных с правовым консультированием, защитой и представительством, а также проведением примирительных процедур»

Қолданыста Бұйрық ·№ 521 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 434 «Об утверждении размеров оплаты гарантированной государством юридической помощи, оказанной адвокатом, юридическим консультантом, и возмещения расходов, связанных с правовым консультированием, защитой и представительством, а также проведением примирительных процедур»
Атауы (қаз.)
«Адвокат, заң консультанты көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 434 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
521
Қабылданған күні
24.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
07.10.2025
Көрсетілген редакция
24.09.2025 214671_784404.kaz
Соңғы өзгеріс
24.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036921
ЭКБ идентификаторы
214671
Редакция идентификаторы
214671_784404
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:05

0

«Адвокат, заң консультанты көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 434 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Адвокат, заң консультанты көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 434 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 32953 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерлерінде:
1-тармақтың:
1) тармақшасында:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қорғалуға құқығы бар куәгерді, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның немесе оған аса ауыр қылмыс жасады деп тағылған айыптан ақталғанның;»;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«өтініштер, өтінішхаттар, процестік келісімдер, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімдер, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздарға қарсылықтар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда азаматтық талапкермен, азаматтық жауапкермен бітімгершілік келісімдер, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдер немесе дауды партисипативті тәртіппен реттеу туралы келісімдер, қорғалуға құқығы бар куәгерді, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталғанды қорғау және олардың мүддесінде азаматтық талап қоюға немесе аса ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның мүддесінде пікір (қарсылық) білдірудің;»;
2) тармақшасында:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қорғалуға құқығы бар куәгерді, оған ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның немесе ауыр қылмыс жасады деп тағылған айыптан ақталғанның;»;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«өтініштер, өтінішхаттар, процестік келісімдер, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімдер, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздарға қарсылықтар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда азаматтық талапкермен, азаматтық жауапкермен бітімгершілік келісімдер, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдер немесе дауды партисипативті тәртіппен реттеу туралы келісімдер, қорғалуға құқығы бар куәгерді, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталғанды қорғау және олардың мүддесінде азаматтық талап қоюға немесе аса ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның мүддесінде пікір (қарсылық) білдірудің бір сағаты үшін тиісті кезеңге бекітілген 0,78 айлық есептік көрсеткіш;»;
3) тармақшасында:
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қорғалуға құқығы бар куәгерді, қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс жасады деп күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның немесе қылмыстық теріс қылық немесе оган онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс жасады деп тағылған айыптан ақталғанның;»;
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«өтініштер, өтінішхаттар, процестік келісімдер, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімдер, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздарға қарсылықтар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда, азаматтық талапкермен, азаматтық жауапкермен бітімгершілік келісімдер, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдер немесе дауды партисипативті тәртіппен реттеу туралы келісімдер, қорғалуға құқығы бар куәгерді, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталғанды қорғау және олардың мүддесінде азаматтық талап қоюға немесе аса ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның мүддесінде пікір (қарсылық) білдірудің;».

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтерді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қолданыстағы