О внесении изменений и дополнений в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 30 июня 2023 года № 4/9 «Об утверждении Правил создания, содержания и защиты зеленых насаждений населенных пунктов Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 30 июня 2023 года № 4/9 «Об утверждении Правил создания, содержания и защиты зеленых насаждений населенных пунктов Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 4/9 «Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендері аумағындағы жасыл екпелерді жасаудың, күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 17/8
- Қабылданған күні
- 18.09.2024
- Көрсетілген редакция
- 18.09.2024 200906_723989.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24S000178M
- ЭКБ идентификаторы
- 200906
- Редакция идентификаторы
- 200906_723989
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:38
0 Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 4/9 «Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендері аумағындағы жасыл екпелерді жасаудың, күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендері аумағындағы жасыл екпелерді жасаудың, күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы № 4/9 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған шешіммен бекітілген қосымшада:
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Жасыл екпелерді құру, күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі шаралар»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Жасыл екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау өзара байланысты жұмыстардың мынадай кешендеріне бөлінеді:
1) ағаштарды, бұталарды, көпжылдық гүлдер мен бұталы қоршауды үш жылдық күтіммен (қажет болса топырақты ауыстыру арқылы) отырғызу;
2) бір жылдық гүлзарлар мен көгалдардың құрылысы;
3) ағаштарды кесу, қайта отырғызу;
4) үш жылдық күтімімен ағаштарды өтемдік отырғызу;
5) жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету);
6) жасыл екпелерді мониторингтеу, түгендеу.»;
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
«26-1. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету) келесіні қамтиды:
ағаштардың діңгек қуысын орнатумен және оларды қопсыту және арамшөптерден тазарту;
ағаш діңін ақтау;
бұталы қоршауды кесу, ағаштардың діңін көтеру, өскінді алып тастау;
шөп шабу, арамшөптерді жою;
жасыл екпелерді қымтау (ағаштар, бұталар, көпжылдық гүлдер);
бүкіл вегетациялық кезеңде жасыл екпелерді суару;
ағаш тәжін тәждеу;
ағаштардың тәжін қалыптастыру;
қаңқа және жартылай қаңқа бөліктерін сақтай отырып, ағаш-бұта өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып жасартатын кесу;
апатты, қураған ағаштар мен бұталарды санитарлық кесу, діңгектерді тамырымен жұлу;
тыңайтқыштарды қолдану;
жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу;
қуыстарды тазалау және пломбалау, аралау орындарын өңдеу.»;
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«58. Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 265 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33476 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган есептейді.».