Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 528, Министра здравоохранения Республики Казахстан от 1 июля 2023 года № 123, Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 271 и Министра просвещения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года №190 «Об утверждении Критериев оценки наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной деприва

Бұйрық · № 1021 · қабылданған 26.12.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2023-no-528-1-2023-no-123-30-2023-no-271-30-2023-no190/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 528, Министра здравоохранения Республики Казахстан от 1 июля 2023 года № 123, Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 271 и Министра просвещения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года №190 «Об утверждении Критериев оценки наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной деприва Қолданыста Бұйрық ·№ 1021 ·26.12.2024
26.12.2024 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 528, Министра здравоохранения Республики Казахстан от 1 июля 2023 года № 123, Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 271 и Министра просвещения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года №190 «Об утверждении Критериев оценки наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной деприва

Қолданыста Бұйрық ·№ 1021 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 528, Министра здравоохранения Республики Казахстан от 1 июля 2023 года № 123, Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 271 и Министра просвещения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года №190 «Об утверждении Критериев оценки наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной деприва
Атауы (қаз.)
«Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 123, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 271 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 190 бірлескен бұйрығын
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1021
Қабылданған күні
26.12.2024
Көрсетілген редакция
26.12.2024 206536_740331.kaz
Соңғы өзгеріс
26.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035639
ЭКБ идентификаторы
206536
Редакция идентификаторы
206536_740331
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 07:04

0

«Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 123, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 271 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 190 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. «Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 123, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 271 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 190 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33002 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерінде:
1-қосымша осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрлеріне жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау кезінде баллдар беру

Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 375,
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2025 жылғы 6 қаңтардағы
№ 1,
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2024 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 510 мен
Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2024 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1021
Бұйрыққа қосымша
Бірлескен бұйрығымен бекітілген
Әлеуметтік бейімсіздікке
және әлеуметтік депривацияға
әкеп соққан қатыгездікпен
қараудың бар-жоғын бағалау
критерийлеріне
1-қосымша
Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау кезінде баллдар беру
№ р/с
Тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лық ке­зін­де қа­тыг­ез­дік­пен қа­ра­удың бар-жо­ғын ба­ға­ла­у­ға ар­нал­ған кри­те­рий­лер­дің тіз­бе­сі
Тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лық ке­зін­де қа­тыг­ез­дік­пен қа­ра­удың бар-жо­ғын ба­ға­ла­у­ға ар­нал­ған шек­ті көр­сет­кіш­тер
1.
Күш көр­се­ту зор­лық-зомбы­лы­ғы
2.
Тән ау­руы­на ұшы­ра­та­тын ұрып-со­ғу неме­се өзге де күш қол­да­ну әре­кет­терiн жа­сау
3 балл
3.
Құқық бұ­зу­шы­мен от­ба­сы-тұр­мыстық қа­рым-қа­ты­на­ста­ғы аза­мат­тар­ға сый­ла­мау­шы­лық көр­се­ті­ліп, бы­ла­пыт сөй­леу, қор­лап ти­ісу, кем­сі­ту, үй затта­ры­на за­қым кел­ті­ру және же­ке тұр­ғын үй неме­се пәтер ше­гін­де жа­сал­ған олар­дың ты­ны­штығ­ын бұ­за­тын бас­қа да әре­кет­тер
2 балл
4.
Ұдайы ұрып-со­ғу неме­се өзге күш қол­да­ну әре­кет­терi жо­лы­мен тән за­рдаб­ын кел­ті­ру неме­се пси­хи­ка­лық за­рдап ше­гу
5 балл
5.
Адам­ның өмiрiне қа­уiп­тi емес және за­рдап­тар­ға әкеп соқ­па­ған, бiрақ ден­са­улық­ты ұзақ уа­қыт­қа бұ­зы­лу­ға әкеп соқ­қан ден­са­улық­қа қа­са­қа­на ор­та­ша ауыр­лық­та­ғы зи­ян кел­тi­ру
5 балл
6.
Адам­ның өмiрiне қа­уiп­тi неме­се кө­ру­ден, тiл­ден, есту­ден қан­дай да бол­сын ор­ган­нан ай­ры­лу­ға неме­се ор­ган­ның қыз­метiн жо­ғал­ту­ға неме­се бет-әл­пе­тiнiң қал­пы­на кел­тiр­гiсiз бұ­зы­луы­на әкеп соқ­қан ден­са­улық­қа қа­са­қа­на ауыр зи­ян кел­тi­ру, сон­дай-ақ өмiр­ге қа­уiп­тi неме­се ең­бек қа­бiлетiнiң ке­мiн­де үш­тен бiрiн тұ­рақ­ты түр­де жо­ғал­ту­ға ұш­тас­қан неме­се кiнәлi­ге мәлiм кәс­i­би ең­бек қа­бiлетiн неме­се түсiк та­ста­у­ға, пси­хи­ка­сын бұзуға, есiрт­кi­мен неме­се уыт­ты умен ауы­ру­ға ду­шар ет­кен ден­са­улық­тың бұ­зы­луын ту­дыр­ған ден­са­улық­қа өзге зи­ян кел­тiр­ген қа­са­қа­на ауыр зи­ян кел­тi­ру
5 балл
7.
Пси­хо­ло­ги­я­лық зор­лық-зомбы­лық
8.
Дө­ре­кі­лік, қор­қы­ту, қор­лау, қор­қы­ту, бо­пса­лау, қу­да­лау және адам­ның жа­ғым­сыз эмо­ци­о­нал­дық ре­ак­ци­я­сы мен жан ау­руын ту­ды­ра­тын бас­қа әре­кет­тер (әре­кет­сіз­дік)
3 балл
9.
Адам­ды өзiн-өзi өл­тiру­ге жет­кi­зу неме­се жәбiр­ле­ну­шiнi қор­қы­ту, оған қа­тыг­ездiк­пен қа­рау неме­се оның адам­дық қа­си­етiн ұдайы қор­лау жо­лы­мен өзiн-өзi өл­тiру­ге ба­ру­ға дей­iн жет­кi­зу
5 балл
10.
Өл­тiре­мiн деп неме­се ден­са­улық­қа ауыр зи­ян кел­тiре­мiн деп, сол си­яқ­ты адам­ның же­ке ба­сы­на өзге ауыр күш көр­се­те­мін не мүлiк­тi өр­теп құр­та­мын деп, жа­ры­лыс жа­сап неме­се өзге жал­пы қа­уiп­тi тәс­iл­мен қор­қы­ту, бұл қор­қы­ту­дың iс­ке аса­тынды­ғы­на қа­уiп­те­нудiң жет­кiлiк­тi негiз­дерi бар болған кез­де
5 балл
11.
Жал­ға­сып ке­ле жа­тқан қу­да­лау, мәж­бүр­лі кө­ші-қон
5 балл
12.
Кәме­лет­ке тол­ма­ған­ның кө­зін­ше тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лық жа­сау
3 балл
13.
Эко­но­ми­ка­лық зор­лық-зомбы­лық
14.
Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын, мен­шік­ке құқық бел­гі­лей­тін, әре­кет­тер жа­са­у­ға құқық бе­ре­тін құ­жат­тар­дан ай­ы­ру
3 балл
15.
Тір­ші­лік қыз­ме­ті үшін қа­жет­ті ақ­ша­лай қа­ра­жат­тан ай­ы­ру
2 балл
16.
Тұр­ғын үй­і­нен ай­ы­ру
5 балл
17.
Тір­ші­лік қыз­ме­ті үшін қа­жет­ті та­мақ­тан ай­ы­ру
4 балл
18.
Тір­ші­лік қыз­ме­ті үшін қа­жет­ті ки­ім­нен ай­ы­ру
3 балл
19.
Сек­су­ал­дық зор­лық-зомбы­лық
20.
Зор­лау, яғ­ни құр­бан­ға неме­се бас­қа адам­дар­ға күш қол­да­нып неме­се оны қол­дан­бақ­шы бо­лып қор­қы­тып не құр­бан­дар дәр­мен­сіз күй­ін пай­да­ла­нып жы­ны­стық қа­ты­нас жа­сау
5 балл
21.
Кө­рі­неу он төрт жас­қа тол­ма­ған адам­ға қа­ты­сты күш қол­да­ну­сыз аз­ғын­дық іс-әре­кет­тер­ді жа­сау
5 балл
22.
Адам­ды жы­ны­стық қа­ты­на­сқа тү­су­ге, ер­кек пен ер­кек­тің, әй­ел мен әй­ел­дің жы­ны­стық қа­ты­нас жа­са­уы­на неме­се сек­су­ал­дық си­патта­ғы өзге де әре­кет­тер жа­са­у­ға мәж­бүр ету
5 балл
23.
Жа­ла­ңа­шта­ну­ға мәж­бүр­леу, де­не­ні си­пап қа­рау, әдеп­сіз неме­се қор­лай­тын қа­рым-қа­ты­нас, сон­дай-ақ жы­ныс мү­ше­ле­ріне соқ­қы бе­ру және олар­ға заттар­мен әсер ету, жы­ны­стық қол сұ­ғу­шы­лық
5 балл

Қолданыстағы