Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 532 «Об утверждении Правил оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия и уничтожения паспорта гражданина Республики Казахстан, удостоверения личности гражданина Республики Казахстан, вида на жительство иностранца в Республике Казахстан, удостоверения лица без гражданства и проездного документа»

Бұйрық · № 146 · қабылданған 20.02.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2023-no-532-ekb-193641/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 532 «Об утверждении Правил оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия и уничтожения паспорта гражданина Республики Казахстан, удостоверения личности гражданина Республики Казахстан, вида на жительство иностранца в Республике Казахстан, удостоверения лица без гражданства и проездного документа» Қолданыста Бұйрық ·№ 146 ·20.02.2024
20.02.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 532 «Об утверждении Правил оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия и уничтожения паспорта гражданина Республики Казахстан, удостоверения личности гражданина Республики Казахстан, вида на жительство иностранца в Республике Казахстан, удостоверения лица без гражданства и проездного документа»

Қолданыста Бұйрық ·№ 146 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 532 «Об утверждении Правил оформления, выдачи, замены, сдачи, изъятия и уничтожения паспорта гражданина Республики Казахстан, удостоверения личности гражданина Республики Казахстан, вида на жительство иностранца в Республике Казахстан, удостоверения лица без гражданства и проездного документа»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 532 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
146
Қабылданған күні
20.02.2024
Көрсетілген редакция
20.02.2024 193641_688131.kaz
Соңғы өзгеріс
20.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034044
ЭКБ идентификаторы
193641
Редакция идентификаторы
193641_688131
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:06

0 «Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 532 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 532 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32971 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларында:
5-тармақтың 3-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» (бұдан әрі - ХҚТ ТП) ақпараттық жүйесі арқылы жеке басты куәландыратын құжатты ресімдеген кезде уәкілетті органның қызметкері Қазақстан Республикасының азаматтарын олардың келісімімен, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды міндетті түрде «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өткізеді.»;
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік баждың төленгені туралы құжат (төлем екінші деңгейдегі банктердің кассаларында немесе олардың мобильді қосымшалары арқылы электрондық түрде жүзеге асырылуы мүмкін). Мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар ақпараттық жүйеде оларға мәліметтер болмаған жағдайда «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 622-бабының 4) тармақшасында белгіленген жеңілдетілген санатты айқындайтын құжатты ұсынады;»;
13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік баждың төленгені туралы құжат (төлем екінші деңгейдегі банктердің кассаларында немесе олардың мобильді қосымшалары арқылы электрондық түрде жүзеге асырылуы мүмкін). Мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар ақпараттық жүйеде оларға мәліметтер болмаған жағдайда Салық кодексінің 622-бабының 4) тармақшасында белгіленген жеңілдетілген санатты айқындайтын құжатты ұсынады;»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты ресімдеу үшін шетелдіктер уәкілетті мемлекеттік органға мынадай құжаттарды:
1) мемлекеттік баждың төленгені туралы құжат (төлем екінші деңгейдегі банктердің кассаларында немесе олардың мобильді қосымшалары арқылы электрондық түрде жүзеге асырылуы мүмкін). Мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар ақпараттық жүйеде оларға мәліметтер болмаған жағдайда Салық кодексінің 622-бабының 4) тармақшасында белгіленген жеңілдетілген санатты айқындайтын құжатты ұсынады;
2) көлемі 3,5х4,5 сантиметр (қағаз бланкідегі формулярды ресімдеген кезде) екі фотосуретті;
3) жарамды шетелдік паспортты жеке ұсынуы қажет.»;
21-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік баждың төленгені туралы құжат (төлем екінші деңгейдегі банктердің кассаларында немесе олардың мобильді қосымшалары арқылы электрондық түрде жүзеге асырылуы мүмкін). Мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар ақпараттық жүйеде оларға мәліметтер болмаған жағдайда Салық кодексінің 622-бабының 4) тармақшасында белгіленген жеңілдетілген санатты айқындайтын құжатты;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) көлемі 3,5х4,5 сантиметр (қағаз бланкідегі формулярды ресімдеген кезде) үш фотосуретті;»;
32-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік баждың төленгені туралы құжат (төлем екінші деңгейдегі банктердің кассаларында немесе олардың мобильді қосымшалары арқылы электрондық түрде жүзеге асырылуы мүмкін). Мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар ақпараттық жүйеде оларға мәліметтер болмаған жағдайда Салық кодексінің 622-бабының 4) тармақшасында белгіленген жеңілдетілген санатты айқындайтын құжатты ұсынады;»;
34-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік баждың төленгені туралы құжат (төлем екінші деңгейдегі банктердің кассаларында немесе олардың мобильді қосымшалары арқылы электрондық түрде жүзеге асырылуы мүмкін). Мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар ақпараттық жүйеде оларға мәліметтер болмаған жағдайда Салық кодексінің 622-бабының 4) тармақшасында белгіленген жеңілдетілген санатты айқындайтын құжатты ұсынады;»;
44, 45, 46-тармақтар алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі

Қолданыстағы