О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 534 «Об утверждении Правил дорожного движения, Основных положений по допуску транспортных средств к эксплуатации, перечня оперативных и специальных служб, транспорт которых подлежит оборудованию специальными световыми и звуковыми сигналами и окраске по специальным цветографическим схемам»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 534 «Об утверждении Правил дорожного движения, Основных положений по допуску транспортных средств к эксплуатации, перечня оперативных и специальных служб, транспорт которых подлежит оборудованию специальными световыми и звуковыми сигналами и окраске по специальным цветографическим схемам»
- Атауы (қаз.)
- «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 725
- Қабылданған күні
- 26.09.2024
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2024 201133_722016.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400035144
- ЭКБ идентификаторы
- 201133
- Редакция идентификаторы
- 201133_722016
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:29
0
«Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жол жүрісі қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 66-1) тармақшамен толықтырылсын:
«66-1) электрмобиль – аккумулятор батареяларынан, сыйымдылықты жинақтауыштардан және (немесе) отын элементтерінен энергия алатын электр қозғалтқышпен жарақтандырылған және қозғалысқа келтірілетін және тек қана электр энергиясының сыртқы көзінің көмегімен қуатталатын механикалық көлік құралы;»;
12-тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) электрқуаттау станцияларымен жабдықталған орындарда оларды қуаттамай тоқтап тұруға тыйым салынады.»;
122-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Қағидалардың 88-тармағының 5) тармақшасының ережелерін ескере отырып, қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған электромобильдің тоқтап тұруын қоспағанда, қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған күйде тоқтап тұруға;»;
151-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнынан басқа, отыратын орындарының саны сегізден асатын автомобильдермен («D» санаты) жолаушыларды тасымалдауға жиырма үш жасқа толған, кемінде үш жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде «D1» санатына жатқызылатын көлік құралдарын кемінде бір жыл басқару өтілі бар адамдар жіберіледі.»;
166-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 7.14 тақтасы бар 4.5 белгісімен белгіленген велосипед жүретін жолағы бар жолдарда осы жолақпен басқа көлік құралдарының жүруі жүзеге асырылмайды және аялдауына болмайды.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерінде:
9- тармақтың он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
««Газбалон құрылғылармен жабдықталған көлік құралдары» - ішіне қара түсті леп белгісі және «GAZ» сөзі жазылған, қара түсті жиегі бар, ұшы жоғары қаратылған сары түсті тең жақты үшбұрыш (жақтары - кемінде жүз елу миллиметр, жиегінің ені жақтың 1/10) түрінде - газбалон құрылғылары бар маханикалық көлік құралдарының артынан;».