Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Атырауского областного маслихата от 30 марта 2023 года № 9-VIII «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат Атырауского областного маслихата»

Өзге акт · № 252-VIII · қабылданған 27.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2023-no-9-viii/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Атырауского областного маслихата от 30 марта 2023 года № 9-VIII «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат Атырауского областного маслихата» Қолданыста 27.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в решение Атырауского областного маслихата от 30 марта 2023 года № 9-VIII «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат Атырауского областного маслихата»

Қолданыста Өзге акт № 252-VIII 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Атырауского областного маслихата от 30 марта 2023 года № 9-VIII «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат Атырауского областного маслихата»
Атауы (қаз.)
Атырау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 9-VIII «Атырау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
252-VIII
Қабылданған күні
27.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
09.09.2026
Көрсетілген редакция
27.08.2026 I229775_0.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26T000252M
ЭКБ идентификаторы
229775
Редакция идентификаторы
I229775_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 19:02
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Атырау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 9-VIII «Атырау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Атырау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 9-VIII «Атырау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабына және Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 206-VI «Атырау облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешімінің 79-тармағына сәйкес Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
қосымшада:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Атырау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже» осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

3 «Атырау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

Атырау облыстық мәслихатының
2026 жылғы 27 тамыздағы
№ 252-VIII шешіміне
қосымша
Атырау облыстық мәслихатының
2023 жылғы 30 наурыздағы
№ 9-VIII шешімімен
бекітілген
«Атырау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1- тарау. Жалпы ережелер

1. «Атырау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мәслихат аппараты) Атырау облыстық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Аппараттың ведомстволары жоқ.

3. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Аппарат мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

5. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

6. Аппарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

7. Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Аппараттың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 060010, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй.

10. Осы Ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады

11. Аппарат қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Аппаратқа кәсіпкерлік субъектілерімен Аппараттың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері

13. Мақсаттары:

1) мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, материалдық-техникалық, ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

2) мәслихат қабылдайтын шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қамтамасыз ету;

3) мәслихаттың және оның органдарының бақылау функцияларын іске асыруды қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де мақсаттар.

14. Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

2) мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және өзге де ұйымдардан белгіленген тәртіппен қажетті құжаттарды сұратуға;

3) мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға;

4) міндеттері:

5) депутаттық сауалдар және депутаттық ұсыныстарды уақтылы қарауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге сауалдар жолдауға;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасы, оның ішінде өтініштер мен петицияларды қарау кезінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

15. функциялары:

1) мәслихат депутаттарына ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау қызметтерін көрсету;

2) мәслихаттың қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілер жобаларының және шешімдердің өзге де жобаларының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін бақылау, мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүзеге асыру;

3) мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмысын ұйымдастыру;

4) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарға қажеттілікті айқындау, іссапар шығындарын өтеу, депутаттарды депутаттық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті кеңсе керек-жарақтарымен және өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;

5) мәслихат пен оның органдарының қызметі туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастыру, мәслихат қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерді жариялау;

6) келіп түскен ақпаратты, атқарушы органдар басшыларының есептерін жинау, талдау, мәслихат депутаттарының алдында өз қызметі туралы есеп беретін мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы анықтамалар дайындау;

7) мәслихаттың ресми сайтын мәслихаттың қызметі туралы қажетті ақпаратпен толтыру және оның бөлімдерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

8) Аппарат қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына жіберу;

9) мәслихат сессиялары мен тұрақты комиссиялар отырыстарының хаттамаларын жүргізуді қамтамасыз ету;

10) Аппарат қызметінің кадрлық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуін жүзеге асыру;

11) іс жүргізуді, құжат айналымын және құжаттардың архивте сақталуын жүргізу;

12) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды орындайды.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

16. Аппаратқа басқаруды Аппарат басшысы жүзеге асырады, ол Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

17. Аппарат басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

18. Аппарат басшысы:

1) Аппараттың қызметіне басшылық жасайды;

2) Өз құзыреті шегінде Аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

3) Аппараттың «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына мемлекеттік қызметшілерді тағайындайды және көрсетілген лауазымдардан босатады;

4) Аппараттың тәртіптік және конкурстық комиссиясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

6) Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу және үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;

7) Аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

9) мәслихаттың сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;

10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, сондай-ақ мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу және мәслихат төрағасы не мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда олардың міндеттерін жүктеу туралы өкімдердің жобаларын дайындайды;

11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

12) Аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

19. Аппарат басшысы уақытша болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

20. Аппараттың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Аппараттың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

21. Аппаратқа бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Аппарат өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

23. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.