Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 30 сентября 2024 года № 1102 «Об утверждении Положения о научно-техническом совете Министерства обороны Республики Казахстан»

Бұйрық · № 119 · қабылданған 07.02.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2024-no-1102/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 30 сентября 2024 года № 1102 «Об утверждении Положения о научно-техническом совете Министерства обороны Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 119 ·07.02.2025
07.02.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 30 сентября 2024 года № 1102 «Об утверждении Положения о научно-техническом совете Министерства обороны Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 119 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 30 сентября 2024 года № 1102 «Об утверждении Положения о научно-техническом совете Министерства обороны Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ғылыми-техникалық кеңесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 1102 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
119
Қабылданған күні
07.02.2025
Көрсетілген редакция
07.02.2025 207094_744068.kaz
Соңғы өзгеріс
07.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25B0000119
ЭКБ идентификаторы
207094
Редакция идентификаторы
207094_744068
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:11

0 «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ғылыми-техникалық кеңесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 1102 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ғылыми-техникалық кеңесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 1102 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ғылыми-техникалық кеңесі туралы ережеде:
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік бюджет қаражатынан ғылыми зерттеуді, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ҒЗТКЖ-ны, сондай-ақ ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасын қаржыландыру мәселелері бойынша:
ғылыми-техникалық және ғылыми-технологиялық міндеттер мен бағдарламаларды қалыптастыру бойынша ұсыныстар дайындайды;
ғылыми, ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын іске асыру мақсатында арнайы бағыттарды қалыптастыру бойынша ұсыныстар дайындайды;
жобалар мен бағдарламаларды, сондай-ақ ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезінде ұсыныстар дайындайды;
бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша техникалық тапсырмаларды әзірлеу кезінде ұсыныстар дайындайды;
ұсынылып отырған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жаңалығы, ғылыми-техникалық деңгейі, перспективалылығы, әзірлену дәрежесі, сұратылатын қаржыландыру көлемінің экономикалық негізделуі ұсынымдарын қарайды және дайындайды;»;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. ҒТК құрамына:
1) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын;
2) ҒТК құрамы қалыптастырылған күнге дейін 3 (үш) жыл ішінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектісінің қызметкері болып табылатын немесе әскери оқу орнында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын доктор (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты дәрежесі бар;
3) әскери саладағы ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл болатын ғалымдар сайланады.
10. ҒТК құрамының жетпіс пайызы (70 %) жұмыс өтілі 5 (бес) жыл болатын:
1) Әскери білім және ғылым, Әскери-техникалық саясат, Экономика және қаржы, Жедел жоспарлау, Жауынгерлік даярлық және Ақпараттық технологиялар департаменттерінің қызметкерлерінен және (немесе) сарапшыларынан;
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі болып табылатын ҰҒК және ғылыми ұйымдардың мүшелерінен тұрады.»;
11-тармақ алып тасталсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. ҒТК құрамы 3 (үш) жыл мерзімге бекітіледі және саны 9 (тоғыз) және 25 (жиырма бес) адам мүшелерінің тақ санынан тұрады.»;
18-тармақ алып тасталсын;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. ҒТК шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және ҒТК отырысына қатысқан мүшелердің жалпы санының кемінде үштен екісі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған кезде Төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Хатшы ҒТК мүшесі болып табылмайды және шешім қабылдау кезінде дауыс бермейді. Дауыс беруге шығарылған мәселе бойынша ҒТК мүшелерінің ерекше пікірі болған кезде хатшы хаттамаға тиісті жазба енгізеді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы