Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Улытауского районного маслихата от 30 декабря 2024 года № 172 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов»

Өзге акт · № 199 · қабылданған 29.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2024-no-172/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Улытауского районного маслихата от 30 декабря 2024 года № 172 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов» Қолданыста Өзге акт ·№ 199 ·29.04.2025
29.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Улытауского районного маслихата от 30 декабря 2024 года № 172 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов»

Қолданыста Өзге акт ·№ 199 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Улытауского районного маслихата от 30 декабря 2024 года № 172 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов»
Атауы (қаз.)
Ұлытау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 172 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
199
Қабылданған күні
29.04.2025
Көрсетілген редакция
29.04.2025 209639_755005.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25HE019620
ЭКБ идентификаторы
209639
Редакция идентификаторы
209639_755005
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:44

0 Ұлытау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 172 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Ұлытау аудандық мәслихатының «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 172 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 172-20 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Тұрғын үй сертификаттарының алушылар санаттарының тізбесі

Ұлытау аудандық мәслихатының
2025 жылғы 29 сәуірдегі
№ 199
шешіміне қосымша
Тұрғын үй сертификаттарының алушылар санаттарының тізбесі

Атауы
1
Ұлы Отан соғысының ардагерлері
2
Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер
3
Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері
4
Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар
5
Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар
6
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар
7
Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер
8
Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады
9
Қандастар
10
Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар
11
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар
12
Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары
13
Толық емес отбасылар
14
Асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар)
15
Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есепке алумен, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы және өзге де салаларындағы бюджеттiк ұйымдарының қажетті мамандары

Қолданыстағы