О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата от 30 декабря 2024 года № 383 «Об утверждении бюджета Кишикумского сельского округа на 2025-2027 годы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата от 30 декабря 2024 года № 383 «Об утверждении бюджета Кишикумского сельского округа на 2025-2027 годы»
- Атауы (қаз.)
- Шалқар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 383 «2025-2027 жылдарға арналған Кішіқұм ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 478
- Қабылданған күні
- 18.07.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2025
- Көрсетілген редакция
- 18.07.2025 212825_767414.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25CM00478M
- ЭКБ идентификаторы
- 212825
- Редакция идентификаторы
- 212825_767414
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:11
0 Шалқар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 383 «2025-2027 жылдарға арналған Кішіқұм ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Шалқар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 383 «2025-2027 жылдарға арналған Кішіқұм ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 85-бабының 2-тармағына, 91-бабының 3-тармағына, 94, 96-баптарына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1–тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
« 1. 2025-2027 жылдарға арналған Кішіқұм ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 80918,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 21320,2 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 300,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 59298,0 мың теңге;
2) шығындар – 81117,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
қаржы активтерін сатып алудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -198,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 198,8 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 198,8 мың теңге.»;
5– тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. 2025 жылға арналған ауылдық округ бюджетіне аудандық бюджеттен 59251,0 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферт түскені ескерілсін.
Ағымдағы нысаналы трансферт сомасын бөлу Кішіқұм ауылдық округ әкімінің шешімі негізінде айқындалады.»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
3 Шалқар аудандық мәслихатының
2025 жылғы 18 шілдедегі
№ 478 шешіміне
қосымша
Шалқар аудандық мәслихатының
2024 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 383 шешіміне
1 қосымша
2025 жылға арналған Кішіқұм ауылдық округ бюджеті
Санаты
Сыныбы
Ішкі сыныбы
Атауы
Сомасы, мың теңге
I. Кірістер
80918,2
1
Салықтық түсімдер
21320,2
01
Табыс салығы
3742,0
2
Жеке табыс салығы
3742,0
04
Меншікке салынатын салықтар
9078,2
1
Мүлікке салынатын салықтар
65,0
4
Көлік құралдарына салынатын салық
8280,0
5
Біріңғай жер салығы
733,2
05
Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге салынатын ішкі салықтар
8500,0
3
Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер
8500,0
3
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
300,0
03
Жердi және материалдық емес активтердi сату
300,0
1
Жерді сату
300,0
4
Трансферттердің түсімдері
59298,0
02
Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер
59298,0
3
Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер
59298,0
II. Шығындар
81117,0
01
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
71753,7
1
Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар
71753,7
124
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
71753,7
001
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер
52080,2
022
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
19673,5
05
Денсаулық сақтау
30,0
9
Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер
30,0
124
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
30,0
002
Шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізуді ұйымдастыру
30,0
07
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
9330,0
3
Елді мекенді көркейту
9330,0
124
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент,ауылдық округ әкімінің аппараты
9330,0
008
Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру
6720,0
009
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету
600,0
011
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру
2010,0
15
Трансферттер
3,3
1
Трансферттер
3,3
124
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
3,3
048
Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару
3,3
III. Бюджет тапшылығы (профициті)
- 198,8
IV. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)
198,8
8
Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары
198,8
01
Бюджет қаражаты қалдықтары
198,8
1
Бюджет қаражатының бос қалдықтары
198,8