Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 30 января 2024 года № 40 «О создании государственного учреждения «Управление по мобилизационной подготовке, территориальной обороне и гражданской защите акимата Костанайской области» и утверждении его Положения»

Қаулы · № 5 · қабылданған 15.01.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2024-no-40/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 30 января 2024 года № 40 «О создании государственного учреждения «Управление по мобилизационной подготовке, территориальной обороне и гражданской защите акимата Костанайской области» и утверждении его Положения» Қолданыста Қаулы ·№ 5 ·15.01.2025
15.01.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 30 января 2024 года № 40 «О создании государственного учреждения «Управление по мобилизационной подготовке, территориальной обороне и гражданской защите акимата Костанайской области» и утверждении его Положения»

Қолданыста Қаулы ·№ 5 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 30 января 2024 года № 40 «О создании государственного учреждения «Управление по мобилизационной подготовке, территориальной обороне и гражданской защите акимата Костанайской области» и утверждении его Положения»
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 30 қаңтардағы № 40 «Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру және оның Ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
5
Қабылданған күні
15.01.2025
Көрсетілген редакция
15.01.2025 206687_740942.kaz
Соңғы өзгеріс
15.01.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25N000005A
ЭКБ идентификаторы
206687
Редакция идентификаторы
206687_740942
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:21

0 Қостанай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 30 қаңтардағы № 40 «Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру және оның Ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру және оның Ережесін бекіту туралы» 2024 жылғы 30 қаңтардағы № 40 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру және оның Ережесін бекіту туралы»;
1 және 2-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«1. «Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған «Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.»;
3-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«3. «Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. «Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) әскери міндет пен әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, сондай-ақ азаматтық қорғаныс саласындағы мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы заңнамасының орындалуын ұйымдастыруды және қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.».

2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) заңды тұлғаның әділет органдарында қайта мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы