Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 30 октября 2024 года № 5 «Об утверждении Правил осуществления переводов обеспеченных цифровых активов»

Бұйрық · № 20 · қабылданған 11.12.2025
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2024-no-5/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 30 октября 2024 года № 5 «Об утверждении Правил осуществления переводов обеспеченных цифровых активов» Күшін жойған 01.05.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 30 октября 2024 года № 5 «Об утверждении Правил осуществления переводов обеспеченных цифровых активов»

Күшін жойған Бұйрық № 20 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 30 октября 2024 года № 5 «Об утверждении Правил осуществления переводов обеспеченных цифровых активов»
Атауы (қаз.)
«Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының м.а. 2024 жылғы 30 қазандағы № 5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
20
Қабылданған күні
11.12.2025
Қолданысқа енгізілген күні
06.01.2026
Көрсетілген редакция
01.05.2026 219479_816631.kaz
Соңғы өзгеріс
01.05.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500037662
ЭКБ идентификаторы
219479
Редакция идентификаторы
219479_816631
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
14.09.2026 02:23
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының м.а. 2024 жылғы 30 қазандағы № 5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының м.а. 2024 жылғы 30 қазандағы № 5 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35311 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 13-9)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заң) 16-бабының 13-9)-тармақшасына сәйкес әзірленді және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңда белгіленген талаптарды ескере отырып, қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғаның қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыруы тәртібін айқындайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тұлға клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің атынан қамтамасыз етілген цифрлық активтерді жөнелту немесе алу кезінде аударымның және онымен байланысты кез келген хабарламаның жөнелтуші және алушы туралы нақты ақпаратты қамтитынына көз жеткізеді және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 7-бабына сәйкес шаралар қабылдайды.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тұлға КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 10 және 10-1 баптарына сәйкес белгіленген шекті мәндерден асатын операцияларды мониторингтеу, айқындау және хабарлау, күдікті әрекеттерді анықтау үшін бақылау рәсімдерін, жүйелері мен құралдарын құрайды және қолдайды.».
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес жөнелтушінің (оның өкілінің) және алушының деректерін;»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Тұлға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін анықтау, бағалау, мониторингтеу, соның ішінде оларды барынша азайту бойынша (клиенттердің қызметтеріне (өнімдеріне), сондай-ақ клиенттер жасайтын операцияларға қатысты) рәсімдерді әзірлейді.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Тұлға басшылық қызметкерлер қатарынан немесе тиісті құрылымдық бөлімше басшысының деңгейінен төмен емес өзге де басшылар қатарынан ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты тұлғаны тағайындау туралы талапты, сонымен қатар ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты қаржы мониторингі субъектілеріне қойылатын өзге де талаптарды, соның ішінде КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 11-бабының 3-тармағына сәйкес мінсіз іскерлік беделдің болуы туралы талапты орындайды.»
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Тұлға құжаттардың көшірмесін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 11-бабының 4-тармағына сәйкес клиентпен (оның өкілімен) және бенефициарлық меншік иесімен іскерлік қатынастарды тоқтатқан күннен бастап бес жыл бойы сақтайды.».

2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жедел талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі