О внесении дополнений в постановление акимата Туркестанской области от 30 мая 2025года № 126 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Туркестанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата Туркестанской области от 30 мая 2025года № 126 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Туркестанской области»
- Атауы (қаз.)
- Түркістан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 126 «Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 198
- Қабылданған күні
- 17.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 10.10.2025
- Көрсетілген редакция
- 17.09.2025 214549_776080.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25U000198A
- ЭКБ идентификаторы
- 214549
- Редакция идентификаторы
- 214549_776080
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:14
0 Түркістан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 126 «Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 126 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
«Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге осы қаулының қосымшасына сәйкес толықтырулар енгізілсін.
2 2. «Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Түркістан облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жіберу;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтүзбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 «Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілетін толықтырулар мәтіні
Түркістан облысы әкімдігінің
2025 жылғы «17» қыркүйек
№198 қаулысына қосымша
Түркістан облысы әкімдігінің
2025 жылғы 30 мамырдағы
№126 қаулысына қосымша
«Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілетін толықтырулар мәтіні
1 1. «Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге мынадай толықтырулар енгізілсін:
16-тармақ келесі редакциядағы 38-1), 38-2), 38-3), 38-4), 38-5), 38-6), 38-7), 38-8), 38-9), 38-10), 38-11), 38-12) тармақшалармен толықтырылсын:
38-1 «38-1) өңірде ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындау және өңірде іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды ұйымдастыру;
38-2 38-2) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға, өңірде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге қатысу;
38-3 38-3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты облыс аумағында жүргізуді қамтамасыз ету;
38-4 38-4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің гранттары мен инвестицияларын тарту бойынша жәрдем көрсету, оларды қоса қаржыландыруға қатысу;
38-5
38-5) өнім шығаруды және (немесе) жаңа технологияларды ендіруді жүзеге асыратын бірлескен өндірістер құру мақсатында жеке кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;