Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 30 сентября 2025 года № 185 «Об определении Перечня видов спорта высших достижений и порядка их финансирования за счет бюджетных средств»

Бұйрық · № 167 · қабылданған 08.09.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2025-no-185-ekb-229915/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 30 сентября 2025 года № 185 «Об определении Перечня видов спорта высших достижений и порядка их финансирования за счет бюджетных средств» Күшіне енбеген 08.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 30 сентября 2025 года № 185 «Об определении Перечня видов спорта высших достижений и порядка их финансирования за счет бюджетных средств»

Күшіне енбеген Бұйрық № 167 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 30 сентября 2025 года № 185 «Об определении Перечня видов спорта высших достижений и порядка их финансирования за счет бюджетных средств»
Атауы (қаз.)
«Жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізбесін және оларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тәртібін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 185 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
167
Қабылданған күні
08.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
25.09.2026
Көрсетілген редакция
08.09.2026 I229915_0.kaz
Соңғы өзгеріс
08.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039857
ЭКБ идентификаторы
229915
Редакция идентификаторы
I229915_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
15.09.2026 03:31
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізбесін және оларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тәртібін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 185 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізбесін және оларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тәртібін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 185 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 37006) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Жоғары жетістіктер спорт түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 45-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
45
Жауынгерлік жекпе-жектің аралас түрлері (ММА)
Asian Mixed Martial Arts Association (AMMA)
Жауынгерлік жекпе-жектің аралас түрлері (ММА)
»;
реттік нөмірі 59-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
59
Бәйге
«Бәйге» халықаралық ат спорты ойындары және салт атпен жүру федерациясы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі
Бәйге
»;
реттік нөмірі 62-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
62
Жекпе-жек
World Usman’s Combat Systems Association
Жекпе-жек
»;
реттік нөмірі 64-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
64
Қазақ күресі
United World Wrestling (UWW)
Қазақ күресі
»;
Жоғары жетістіктер спорты түрлерін бюджет қаражатынан қаржыландыру қағидаларында:
13-тармақтың 9) тармақшасы орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
15-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) көліктік, пошталық, типографиялық және ақпараттық шығындар;».

2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) үш жұмыс күні ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.