О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 мая 2025 года № 271 «Об утверждении Правил выпуска ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 мая 2025 года № 271 «Об утверждении Правил выпуска ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы»
- Атауы (қаз.)
- «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 271 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 616
- Қабылданған күні
- 11.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 29.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2026 I230048_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039878
- ЭКБ идентификаторы
- 230048
- Редакция идентификаторы
- I230048_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 19.09.2026 03:41
0 «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 271 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 271 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36181 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидалары»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 140-бабының 5-тармағына және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздарын шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, оларға қызмет көрсету және өтеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) андеррайтер – брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды және (немесе) цифрлық қаржы активтерін шығару мен орналастыру жөнiнде қызметтер көрсететiн бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушы;
2) бағалы қағаздар – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары эмиссиялайтын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;
3) бастапқы дилер – белгіленген тәртіппен бағалы қағаздарды орналастыруға қатысуға жіберілген бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;
4) депозитарийдің ережелер жинағы – депозитарийдің ішкі құжаты, оның негізінде депозитарий бағалы қағаздарға қызмет көрсетуді және оларды өтеуді жүзеге асырады;
5) орталық депозитарий (бұдан әрі – депозитарий) – эмитентпен жасалған шартқа сәйкес бағалы қағаздарды орналастыру кезінде бағалы қағаздар бойынша кірісті төлеу жөніндегі төлем агентінің функцияларын және оларды өтеу кезінде бағалы қағаздарға депозитарийлік қызмет көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамы;
6) сауда-саттықты ұйымдастырушы – "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы;
7) сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелері – сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаты, оның негізінде сауда-саттықты ұйымдастырушы бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырады;
8) эмитент – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы.
Бұл ретте облыстың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 385 қаулысымен бекітілген Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алу мақсаттарының тізбесіне (бұдан әрі – Қарыз алу мақсаттарының тізбесі) сәйкес шығыстарды қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін жергілікті атқарушы органдар шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздардың ғана эмитенттері болып табылады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының бағалы қағаздар шығаруының шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты Бюджет кодексінің 140-бабының 5-тармағына сәйкес айқындалады.
Бұл ретте Бюджет кодексінің 140-бабының 3-тармағына сәйкес астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қарыз алуы тиісті жергілікті атқарушы орган борышының белгіленген лимитімен және тиісті жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге бағытталған жергілікті бюджет қаражатының көлемімен шектеледі.»;
21-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары Қарыз алу мақсаттарының тізбесіне сәйкес шығыстарды қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруды, оларға қызмет көрсетуді және өтеуді жүзеге асырады.»;
22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары Қарыз алу мақсаттарының тізбесіне сәйкес шығыстарды қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін шығаратын орта мерзімді, ұзақ мерзімді, орта мерзімді индекстелген, ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздар номиналды құны 1000 (бір мың) теңгені құрайтын купондық эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
23. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары Қарыз алу мақсаттарының тізбесіне сәйкес шығыстарды қаржыландыру үшін шығаратын орта мерзімді, ұзақ мерзімді, орта мерзімді индекстелген, ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздар және мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша купон сомасын есептеудің есептік базасы – есепті айында 30 (отыз) күн, есепті жылда 360 (үш жүз алпыс) күн.»;
6-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-параграф. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары қарыз алу мақсаттарының тізбесіне сәйкес шығыстарды қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар»;
49, 50, 51 және 52-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«49. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары Қарыз алу мақсаттарының тізбесіне сәйкес шығыстарды қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар 20 (жиырма) жылға дейін айналыс мерзімімен шығарылады.
50. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары Қарыз алу мақсаттарының тізбесіне сәйкес шығыстарды қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу номиналды құнымен жүзеге асырылады, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде орналастыру кезінде айқындалған купон деп аталатын сыйақы төленеді.
51. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары Қарыз алу мақсаттарының тізбесіне сәйкес шығыстарды қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін шығаратын айналыс мерзімі 5 (бес) жылға дейінгі мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша купон төлеу осы бағалы қағаздар айналысының тиісті жылы жылына 2 (екі) рет, эмитент белгілеген күндері жүзеге асырылады.
Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары Қарыз алу мақсаттарының тізбесіне сәйкес шығыстарды қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін шығаратын айналыс мерзімі 5 (бес) жылдан 20 (жиырма) жылға дейін қоса алғанда мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша купон төлеу осы бағалы қағаздар айналысының тиісті жылы жылына 1 (бір) рет, эмитент белгілеген күндері жүзеге асырылады.
52. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары Қарыз алу мақсаттарының тізбесіне сәйкес шығыстарды қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар купонының сомасы орта мерзімді бағалы қағаздар купоны сияқты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес есептеледі.»;
көрсетілген Қағидаларға қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Астананың, облыстың,
республикалық маңызы
бар қаланың жергілікті
атқарушы органының ішкі
нарықта айналысқа жіберу
үшін бағалы қағаздар
шығару қағидаларына
қосымша»;
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
0 Орта мерзімді, ұзақ мерзімді, орта мерзімді индекстелген және ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздар купонының сомасын есептеу формулалары
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 616 бұйрығына
қосымша
Облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың
жергілікті атқарушы органының
ішкі нарықта айналысқа
жіберу үшін бағалы қағаздар
шығару қағидаларына
қосымша
Орта мерзімді, ұзақ мерзімді, орта мерзімді индекстелген және ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздар купонының сомасын есептеу формулалары
1. Орта мерзімді бағалы қағаздардың купон сомасы мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
S = N*С* 180/360
мұндағы,
S, теңге – кезекті төленуге тиіс орта мерзімді бағалы қағаздар купонының сомасы,
N, теңге – орта мерзімді бағалы қағаздар бойынша сыйақы кезекті төленуге тиіс олардың тиісті санының атаулы құнының сомасы,
С, % – купон ставкасы.
2. Ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың купон сомасы мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
S = N*С
мұндағы,
S, теңге – кезекті төленуге тиіс ұзақ мерзімді бағалы қағаздар купонының сомасы,
N, теңге – ұзақ мерзімді бағалы қағаздар бойынша сыйақы кезекті төленуге тиіс олардың тиісті санының атаулы құнының сомасы,
С, % – купон ставкасы.
3. Орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздардың индекстелген купон сомасы мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
S = N*I/100+С
мұндағы,
S, теңге – кезекті төленуге тиіс орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздардың индекстелген купонының сомасы,
N, теңге – орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздар бойынша сыйақы кезекті төленуге тиіс олардың тиісті санының атаулы құнының сомасы,
I, % – өткен купондық кезең үшін инфляция индексі,
бұл ретте инфляция индексі процентте көрсетілген купондық кезеңнің тиісті айлары үшін тұтыну бағасының индекстерін жүргізу жолымен анықталады:
І = (((І1/100)*(І2/100)*(І3/100)*...*(Іn/100))-1)*100,
мұндағы,
І1, І2, І3, ..., Іn- купондық кезеңнің тиісті айлары үшін тұтыну бағасының индекстері, I мәні үтірден кейін үш (қоса алғанда) санға дейін дөңгелектенеді,
С, – тіркелген купон сомасы,
бұл ретте тіркелген купон сомасы олар бойынша сыйақы кезекті төлеуге жататын орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздардың тиісті саны атаулы құнының сомасын, тіркелген жылдық купонды және купондық кезеңдегі күндер санын жүргізу жолымен анықталады:
С = N*К* 180/360,
мұндағы,
K, % – орналастыру кезінде белгіленген тіркелген жылдық купонның мәні.
4. Ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздардың индекстелген купон сомасы мынадай формулаға сәйкес есептеледі:
S = N*І/100+С,
мұндағы,
S, теңге – кезекті төленуге тиіс ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздардың индекстелген купонының сомасы,
N, теңге – ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздар бойынша сыйақы кезекті төленуге тиіс олардың тиісті санының атаулы құнының сомасы,
I, % – өткен купондық кезең үшін инфляция индексі,
бұл ретте өткен купондық кезең үшін инфляция индексі пайызда көрсетілген купондық кезеңнің тиісті айлары үшін тұтыну бағасының индекстерін жүргізу жолымен анықталады:
І = (((І1/100)*(І2/100)*(І3/100)*...*(Іn/100))-1)*100,
мұндағы,
І1, I2, I3, ..., Іn- купондық кезеңнің тиісті айлары үшін тұтыну бағаларының индекстері, I мәні үтірден кейін үш (қоса алғанда) санға дейін дөңгелектенеді,
С,– тіркелген купон сомасы,
бұл ретте тіркелген купон сомасы олар бойынша сыйақы кезекті төлеуге жататын ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздар тиісті саны атаулы құнының және тіркелген жылдық купон сомасын жүргізу жолымен анықталады:
С = N*К
мұндағы,
К, % – орналастыру кезінде белгіленген тіркелген жылдық купонның мәні.