О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 30 июля 2025 года № 287 «Об утверждении Правил субсидирования затрат организаций водоснабжения и водоотведения на погашение и обслуживание займов международных финансовых организаций, привлеченных для реализации проектов по расширению, модернизации, реконструкции, обновлению, поддержанию существующих активов и созданию новых активов в населенных пунктах»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 30 июля 2025 года № 287 «Об утверждении Правил субсидирования затрат организаций водоснабжения и водоотведения на погашение и обслуживание займов международных финансовых организаций, привлеченных для реализации проектов по расширению, модернизации, реконструкции, обновлению, поддержанию существующих активов и созданию новых активов в населенных пунктах»
- Атауы (қаз.)
- «Сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының елді мекендерде бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 шілдедегі № 287 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 393
- Қабылданған күні
- 05.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 15.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2026 228667_834679.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039550
- ЭКБ идентификаторы
- 228667
- Редакция идентификаторы
- 228667_834679
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 18.09.2026 04:14
0
«Сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының елді мекендерде бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 шілдедегі № 287 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының елді мекендерде бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 шілдедегі № 287 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36573 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, сумен жабдықтау және су бұру жекелеген функцияларды жүзеге асыруға астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдігі уәкілеттік берген мемлекеттік мекеме»;
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының елді мекендерде бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау кезінде астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган»;
3-тармақ алып тасталсын;
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі халықаралық қаржы ұйымының қарызын өтеуге және оған қызмет көрсетуге қажетті субсидия сомасын растайтын субсидия алушының есептерін тексереді және 10 (он) жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органның қаулысымен жергілікті бюджеттен субсидиялар көлемін бекітуді қамтамасыз етеді және республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне өтінімді, жергілікті атқарушы орган қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін жібереді.
15. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі халықаралық қаржы ұйымының қарызын өтеуге және оған қызмет көрсетуге қажетті субсидия сомасын растайтын субсидия алушының есептерін тексереді және 10 (он) жұмыс күні ішінде бюджеттік өтінімді қалыптастырады және бюджеттік заңнамада белгіленген тәртіппен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.».
сумен жабдықтау және су бұру ұйымдардың елді мекендерде қолданыстағы активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларына 1-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының елді мекендерде қолданыстағы активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларына 2-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрі
2026 жылғы 5 тамыздағы
№ 393 бұйрыққа
1-қосымша
Сумен жабдықтау және су бұру
ұйымдардың елді мекендерде
қолданыстағы активтерді кеңейту,
жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту,
ұстап тұру және жаңа активтер құру
жөніндегі жобаларды іске асыру
үшін тартылған халықаралық қаржы
ұйымдарының қарыздарын өтеуге
және оларға қызмет көрсетуге
арналған шығындарын субсидиялау
қағидаларына 1-қосымша
нысан
«Субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан
Ұсынылады: коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органға
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz
Әкімшілік деректер нысанының атауы: «Субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп»
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-СНПЕ
Кезеңділік: квартал
Есепті кезең: 20___ жылғы _________
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: субсидиялар алушы, жергілікті атқарушы орган.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін ұсынады;
Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi:
Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште, электронды түрде
Р/с №
Ұйымның атауы
Алынды (мың теңге)
Игерілді (мың теңге)
ауытқу (+, -) (+) артық төлем, (-) кемшілігі, теңге
Пайдаланылмаған субсидияларды қайтару (факт), теңге
Ескертпе
1
2
3
4
5
6
7
Жүктеу
Атауы ____________________________ Мекенжайы _________________________
________________________________ ___________________________________
Телефоны______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы
______________________________________________________________
Орындаушы
______________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
______________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
________________________________________________________________
1.1 Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
нысанға қосымша
«Субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп» атты әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
1. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан (бұдан әрі - Нысан) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпаратты сапалы ұсыну мақсатында әзірленді.
2. Нысан мынадай ретпен толтырылады:
«Жолдардың коды» деген 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
«Ұйымның атауы» деген 2-бағанда субсидия алған табиғи монополиялар субъектісі көрсетіледі, табиғи монополиялар субъектілері толтырады;
«Алынды (мың теңге)» деген 3-бағанда алынған субсидиялар сомасы көрсетіледі, табиғи монополиялар субъектілері толтырады;
«Игерілді (мың теңге)» деген 4-бағанда игерілген субсидиялар сомасы көрсетіледі, табиғи монополиялар субъектілері толтырады;
5-бағанда «Ауытқу (+, -) (+) артық төлем, (-) кемшілігі, теңге» 3 және 4-бағандарда көрсетілген бөлінген және игерілген субсидиялар сомасының айырмасы ретінде көрсетіледі;
«Пайдаланылмаған субсидияларды қайтару (факт), теңге» деген 6-бағанда өткен қаржы жылында бюджет қаражатын (субсидияларды) пайдаланбау немесе толық пайдаланбау сомасы көрсетіледі.
«Ескертпе» деген 7-бағанда.
2 Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрі 2026 жылғы
5 тамыздағы № 393
бұйрыққа 2-қосымша
Сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының елді мекендерде қолданыстағы активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларына 2-қосымша нысан
«Субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатының игерілуі туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан
Ұсынылады: коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органға
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz
Әкімшілік деректер нысанының атауы: «Субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатының игерілуі туралы есеп»
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 2-СББҚИ
Кезеңділік: квартал
Есепті кезең: 20___ жылғы _________
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: субсидиялар алушы, жергілікті атқарушы орган.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін ұсынады;
Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi:
Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште, электронды түрде
Р/с №
Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың атауы
Ұйымның атауы
1
2
3
Жүктеу
кестенің жалғасы
Тікелей нәтиже
Көрсеткіштердің атауы
Өлшем бірлігі
Көрсеткіштердің жоспарлы мәндері
Іс-шаралардың нақты орындалуы, нәтижелерге қол жеткізу сатысы
Нәтижелерге қол жеткізу %
4
5
6
7
8
Жүктеу
кестенің жалғасы
Тікелей нәтиже
Жоспар (мың теңге)
Іс жүзіндегі атқару (мың теңге)
Атқарылу %
Бюджет қаражатын үнемдеу (мың теңге)
Игерілмеу (мың теңге)
9
10
11
12
13
Жүктеу
Атауы _____________________________ Мекенжайы _______________________
__________________________________ __________________________________
Телефоны______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы
______________________________________________________________
Орындаушы
______________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
______________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
________________________________________________________________
2.1 Әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға арналған
нысанға қосымша
«Субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп» атты әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
1. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан (бұдан әрі - Нысан) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпаратты сапалы ұсыну мақсатында әзірленді.
2. Нысан мынадай ретпен толтырылады:
«Жолдардың коды» деген 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
«Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың атауы» деген 2-бағанда Қазақстан Республикасы облыстарының, қалалардың мекендерінің атауы көрсетіледі;
«Ұйымның атауы» деген 3-бағанда субсидия алған табиғи монополиялар субъектісі көрсетіледі, табиғи монополиялар субъектілері толтырады;
«Көрсеткіштердің атауы» деген 4-бағанда тікелей нәтеженің көрсеткіші көрсетіледі;
«Өлшем бірлігі» деген 5-бағанда тікелей көрсеткішке байланысты саны немесе % көрсетіледі;
«Көрсеткіштердің жоспарлы мәндері», «Іс-шаралардың нақты орындалуы, нәтижелерге қол жеткізу сатысы», «Нәтижелерге қол жеткізу%» деген 6,7 және 8-бағандарда жоспарлы және нақты көрсеткіштерге қол жеткізу тікелей нәтиже көрсетіледі;
«Жоспар (мың теңге)», «Іс жүзіндегі атқару (мың теңге)», «Атқарылу%» деген 9,10 және 11-бағандарда жоспарлы және нақты мәнінің сомасы және табиғи монополиялар субъектісі бөлген және игерген субсидиялардың айырмашылығы көрсетіледі;
12-бағанда «Бюджет қаражатын үнемдеу (мың теңге)» 4 және 5-бағандарда көрсетілген бөлінген және игерілген субсидиялар сомасының айырмасы ретінде көрсетіледі;
«Игерілмеу (мың теңге)» деген 13-бағанда өткен қаржы жылында бюджет қаражатын (субсидияларды) пайдаланбау немесе толық пайдаланбау сомасы көрсетіледі.