Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра финансов Республики Казахстан от 30 октября 2025 года № 647 «Об утверждении Правил использования специального мобильного приложения для целей исполнения налоговых обязательств и обязательств по социальным платежам при применении специального налогового режима, содержания чека специального мобильного приложения»

Бұйрық · № 606 · қабылданған 08.09.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2025-no-647/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра финансов Республики Казахстан от 30 октября 2025 года № 647 «Об утверждении Правил использования специального мобильного приложения для целей исполнения налоговых обязательств и обязательств по социальным платежам при применении специального налогового режима, содержания чека специального мобильного приложения» Күшіне енбеген 08.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра финансов Республики Казахстан от 30 октября 2025 года № 647 «Об утверждении Правил использования специального мобильного приложения для целей исполнения налоговых обязательств и обязательств по социальным платежам при применении специального налогового режима, содержания чека специального мобильного приложения»

Күшіне енбеген Бұйрық № 606 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра финансов Республики Казахстан от 30 октября 2025 года № 647 «Об утверждении Правил использования специального мобильного приложения для целей исполнения налоговых обязательств и обязательств по социальным платежам при применении специального налогового режима, содержания чека специального мобильного приложения»
Атауы (қаз.)
«Арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтық міндеттемелер мен әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсаттары үшін арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану қағидаларын және арнаулы мобильді қосымша чегінің мазмұнын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 қазандағы № 647 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
606
Қабылданған күні
08.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
21.09.2026
Көрсетілген редакция
08.09.2026 229897_840774.kaz
Соңғы өзгеріс
08.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039853
ЭКБ идентификаторы
229897
Редакция идентификаторы
229897_840774
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 03:33
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 21.09.2026.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

«Арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтық міндеттемелер мен әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсаттары үшін арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану қағидаларын және арнаулы мобильді қосымша чегінің мазмұнын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 қазандағы № 647 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтық міндеттемелер мен әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсаттары үшін арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану қағидаларын және арнаулы мобильді қосымша чегінің мазмұнын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 қазандағы № 647 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37269 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтық міндеттемелер мен әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсаттары үшін арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) авторландыру – жүйеде пайдаланушының есепке алу деректерін тексеру және оның белгіленген қауіпсіздік саясатына сәйкес цифрлық ресурстарға қол жеткізу құқықтарын айқындау процесі;»;
4-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мобильді қосымшаның чегі бойынша кірістерді есепке алу.
Мобильді қосымшада пайдаланушының кірісі мобильді қосымшаның чектері, фискалдық деректер операторларынан алынған бақылау-касса машинасының чектері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына аударылған сомалар (банк құпиясын ашуға келісім және екінші деңгейдегі банктердің цифрлық жүйелерімен интеграция болған кезде) немесе қолмен енгізу жолымен енгізілген сома бойынша автоматты түрде қалыптастырылады;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) дара кәсіпкердің салықтық есептілікті ұсынуы.
Салықтық есептілік мынадай құрамдас бөліктерден тұрады:
оңайлатылған салықтық декларацияны автоматты түрде алдын ала беру;
салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру (қайта бастау).
Оңайлатылған декларацияны автоматты түрде алдын ала беру мемлекеттік кірістер органының цифрлық жүйелерінде бар деректер негізінде алдын ала қалыптастыруды, пайдаланушының деректерді тексеруін және толықтыруын, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органына оңайлатылған декларацияны ұсынуды қамтамасыз етеді.
Дара кәсіпкердің салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру (қайта бастау) Салық кодексінің 117-бабына сәйкес салықтық өтініш жолдау және салықтық есептілікті табыс ету мүмкіндігін көздейді.».

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі