Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 30 апреля 2025 года № 84-НҚ «Об утверждении Правил осуществления деятельности субъектами естественных монополий»

Бұйрық · № 282-НҚ · қабылданған 08.09.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2025-no-84-ekb-229857/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 30 апреля 2025 года № 84-НҚ «Об утверждении Правил осуществления деятельности субъектами естественных монополий» Күшіне енбеген 08.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 30 апреля 2025 года № 84-НҚ «Об утверждении Правил осуществления деятельности субъектами естественных монополий»

Күшіне енбеген Бұйрық № 282-НҚ 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 30 апреля 2025 года № 84-НҚ «Об утверждении Правил осуществления деятельности субъектами естественных монополий»
Атауы (қаз.)
«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 84-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
282-НҚ
Қабылданған күні
08.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
25.09.2026
Көрсетілген редакция
08.09.2026 I229857_0.kaz
Соңғы өзгеріс
08.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039844
ЭКБ идентификаторы
229857
Редакция идентификаторы
I229857_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
15.09.2026 03:31
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 84-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 84-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36054 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
3-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпарат беру, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне автоматтандырылған қол қою – цифрлық объектілер мен жүйелерден барлық қажетті деректер мен растамалар алынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің қатысуынсыз мемлекеттік көрсетілетін қызметтің электрондық нәтижесіне электрондық цифрлық қолтаңбаны автоматтандырылған түрде түсіру;»;
7-1, 7-2 және 7-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға жіберген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.
7-2. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін:
1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) мемлекеттік органдар, сот қарайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету мүмкін болмаған;
4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, осы Қағидаларға 2-қосымшаның 8-жолында көрсетілген құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған жағдайларда тоқтата тұрады.
Құжаттарды қайта ұсынуды көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін, мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру мерзімі шегінде жүзеге асырады.
7-3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай жағдайларда тоқтатыла тұрады:
1) осы Қағидалардың 7-2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – тиісті тұлғаның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;
2) осы Қағидалардың 7-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік орган ұстанымды айқындағанға дейін, сот актісі заңды күшіне енгенге дейін немесе мәселе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен шешілгенге дейін;
3) осы Қағидалардың 7-2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда – анықталған кемшіліктер 1 (бір) жұмыс күні ішінде жойылғанға дейін.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген тоқтата тұру мерзімі осы Қағидаларға 2-қосымшаның 3-жолында көрсетілген тиісті мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен аспайды.»;
мынадай мазмұндағы 7-5-тармақпен толықтырылсын:
«7-5. Мемлекеттік қызметті электрондық нысанда көрсету кезінде шешім автоматтандырылған түрде қабылданған жағдайда оның нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз цифрлық жүйе қалыптастырады. Нәтижемен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 21-бабының 7-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті берушінің қатысуымен оны қайта қарауға жол беріледі.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік тіркелімінен шығару бойынша өтінішпен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Қызмет беруші құжаттар түскен уақытта оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.
Веб-портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебесі және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаның 8-жолында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 1 (бір) жұмыс күні мерзімі белгіленеді, ол Мемлекеттік тіркелімінен шығару бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімнің жалпы мерзіміне кірмейді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.»;
14-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.»;
36-1, 36-2 және 36-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«36-1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға жіберген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.
36-2. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) мемлекеттік органдар, сот қарайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету мүмкін болмаған;
4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшалардың 8-жолында көрсетілген құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған жағдайларда тоқтата тұрады.
Құжаттарды қайта ұсынуды көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін, мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру мерзімі шегінде жүзеге асырады.
36-3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай жағдайларда тоқтатыла тұрады:
1) осы Қағидалардың 36-2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – тиісті тұлғаның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;
2) осы Қағидалардың 36-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік орган ұстанымды айқындағанға дейін, сот актісі заңды күшіне енгенге дейін немесе мәселе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәртіппен шешілгенге дейін;
3) осы Қағидаралың 36-2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда – анықталған кемшілектер 3 (үш) жұмыс күні ішінде жойылғанға дейін.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген тоқтата тұру мерзімі осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшалардың 3-жолында тиісті мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің жалпы мерзімінен аспайды.»;
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«40. Веб-портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 4-қосымшаның 8-жолында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 3 (үш) жұмыс күні мерзімі белгіленеді, ол мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің жалпы мерзіміне кірмейді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Ұсынылған құжаттар толық және ақпарат (мәліметтер) дәйекті болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі 6 (алты) жұмыс күні ішінде тиісті қорытындыны ұсынады, қорытындысы бойынша жауапты құрылымдық бөлімше 1 (бір) жұмыс күні ішінде «Мүлікпен мәмілелер жасауға келісім беру» туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы ЭЦҚ немесе басшының орынбасарының ЭЦҚ қол қойылған электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушының веб-порталдағы жеке кабинетіне жолданады.»;
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Көрсетілетін қызметті алушы «Қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру» туралы өтінішхат көрсететін қызметті берушінің жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түссе, онда мерзім келесі жұмыс күнінен басталады. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жұмыс күні жүзеге асырады және табиғи монополиялар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.
Веб-портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 4-қосымшаның 8-жолында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 3 (үш) жұмыс күні мерзімі белгіленеді, ол мемлекеттік қызмет көрсету мерзімнің жалпы мерзімне кірмейді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы ЭЦҚ немесе басшының орынбасарының ЭЦҚ қол қойылған электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушының веб-порталдағы жеке кабинетіне жолданады.»;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
9
Мемлекеттік қызметі және оның кіші түрлерін көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
3) оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырған, көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
5) осы Қағидалардың 7-2-тармағы 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін анықталған кемшіліктердің жойылмауы.
» ;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
9
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер
1) тарифтің көтерілуі;
2) тұтынушылармен шарттардың бұзылуы;
3) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келуі;
4) реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынудың үздіксіз байланысты технологиялық жүйесінің бұзылуы, немесе реттеліп көрсетілетін қызмет сапасының төмендеуі;
5) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларға сәйкес белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған, заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
8) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
9) осы Қағидалардың 36-2-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін анықталған кемшіліктердің жойылмауы.
»;
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшада:

».

2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясатты реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі