О внесении изменений в совместный приказ исполняющего обязанности Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 30 апреля 2025 года № 85-НҚ и исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 мая 2025 года № 25 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочного листа субъектам естественных монополий, осуществляющим услуги подачи воды по каналам и регулирования поверхностного стока при помощи подпорных гидротехнических сооружений»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в совместный приказ исполняющего обязанности Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 30 апреля 2025 года № 85-НҚ и исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 мая 2025 года № 25 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочного листа субъектам естественных монополий, осуществляющим услуги подачи воды по каналам и регулирования поверхностного стока при помощи подпорных гидротехнических сооружений»
- Атауы (қаз.)
- «Суды каналдар арқылы беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 85-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 2 мамырдағы № 25 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу турал
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 236-НҚ
- Қабылданған күні
- 30.07.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 07.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 30.07.2026 I228481_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039490
- ЭКБ идентификаторы
- 228481
- Редакция идентификаторы
- I228481_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 07.08.2026 03:31
0
«Суды каналдар арқылы беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 85-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 2 мамырдағы № 25 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. Суды каналдар арқылы беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 85-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 2 мамырдағы № 25 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36074 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Бақылау субъектілері (объектілері) мына жағдайларда:
1) егер мұндай субъектілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен үшінші тұлғалардың алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасаса;
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату жағдайлары айқындалса;
3) егер субъектілер өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы келісім жасалған «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері болып табылса цифрлық жүйені қолдана отырып, бақылау субъектілерінің тиісті қызмет салаларында жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне ауыстырылады.»;
1-қосымшада:
реттік нөмірі 26-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
26
Конкурстық комиссияның мынадай негіздер бойынша әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімін бағалауға және салыстыруға қабылдамауы:
1) құжаттар ұсынылмаған
(1. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларымен, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды сипаттаумен техникалық ерекшелік.
2. Мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінде расталатын лицензиялар, рұқсаттар (хабарламалар), патент, куәлік, сертификат, диплом, мәлімет (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде).
3. Әлеуетті өнім беруші қызмет алатын банктің немесе банк филиалының банк немесе банк филиалы алдындағы әлеуетті өнім берушінің міндеттемелері бойынша үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешегінің жоқ екендігі туралы анықтамасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдында бір айдан ерте емес берілген анықтама.
4. Тиісті салық органының конкурстық өтінімдер ашылатын күннің алдындағы үш айдан кешіктірілмей берілген салық берешегінің жоқ екендігі не бір теңгеден кем салық берешегінің бар екендігі туралы анықтамасы.
5. Егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда: осы әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатыны және салықтық есепте тұрмайтыны туралы Қазақстан Республикасы салық органының анықтамасы; апостиль қойылған (жария етілген) құқық белгілейтін құжаттар.
6. Табиғи монополия субъектісінің банктік шотына конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуді растайтын төлем тапсырмалары (конкурстық құжаттамада тиісті талап болған кезде).
7. Егер конкурс стратегиялық тауарды сатып алуға жарияланған жағдайда, тиісті құзыретті органнан алынған әлеуетті өнім берушінің стратегиялық тауарды өндіруші болып табылатынын растайтын құжаттар ұсынылады.
8. Тіркеуші орган берген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама.
9. Егер әлеуетті өнім беруші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесі не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі);
2) әлеуетті өнім беруші конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізбесе;
3) конкурстық өтінім талаптары бұзыла отырып ұсынылған немесе ресімделген құжаттарды қамтыса;
4) тиісті салық органының анықтамасында бір теңге және одан астам мөлшерде салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі туралы мәліметтердің болуы;
5) әлеуетті өнім берушінің осы анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астамға созылатын міндеттемелерінің ең болмағанда бір түрі бойынша мерзімі өткен берешегі бар екені туралы банк немесе банк филиалы анықтамасының болуы;
6) әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынуы;
7) анық емес ақпарат ұсыну фактісінің анықталуы;
8) егер конкурсқа өзара үлестес тұлғалар ғана қатысса, әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа (лотқа) қатысуға өтінім берген басқа әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасы болып табылуы;
9) конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерінің теңгемен бағасы тізбеде көзделген сатып алуға бөлінген сомадан асып кетуі;
10) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын конкурстық комиссия демпингтік деп таныған жағдайы
Елеулі
»;
реттік нөмірі 61-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
61
Сатып алу туралы ақпаратқа бірыңғай қолжетімділік нүктесін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының цифрлық жүйесімен және (немесе) мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесімен (Сатып алудың бірыңғай платформасы) интеграцияланған электрондық сатып алудың цифрлық жүйелерінде жүзеге асырылатын сатып алу, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты, мәліметтерді беруді қамтамасыз ету.
Елеусіз
»;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополия саласындағы тексеру парағында:
2-қосымшада:

10) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын конкурстық комиссия демпингтік деп таныған жағдайы.
»;
реттік нөмірі 61-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
61
Сатып алу туралы ақпаратқа бірыңғай қолжетімділік нүктесін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының цифрлық жүйесімен және (немесе) мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесімен (Сатып алудың бірыңғай платформасы) интеграцияланған электрондық сатып алудың цифрлық жүйелерінде жүзеге асырылатын сатып алу, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты, мәліметтерді беруді қамтамасыз ету.
».
2 2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясатты реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бірлескен бұйрық ресми түрде жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оны «Тексеру субьектілері мен обьектілерінің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті