О внесении изменений и дополнений в совместный приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 января 2026 года № 41, Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 января 2026 года № 60 и Заместителя Премьер-Министра – Министра искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан от 30 января 2026 года № 47 «О запуске и реализации пилотного проекта по оказанию государственных услуг «Выдача разрешения иностранцам и лицам без гражданства на пос
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в совместный приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 января 2026 года № 41, Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 января 2026 года № 60 и Заместителя Премьер-Министра – Министра искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан от 30 января 2026 года № 47 «О запуске и реализации пилотного проекта по оказанию государственных услуг «Выдача разрешения иностранцам и лицам без гражданства на пос
- Атауы (қаз.)
- «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша пилоттық жобаны іске қосу және іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 41, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 60 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және ци
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 335
- Қабылданған күні
- 17.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 17.08.2026 I229036_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26G0000335
- ЭКБ идентификаторы
- 229036
- Редакция идентификаторы
- I229036_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 21.08.2026 03:30
0
«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша пилоттық жобаны іске қосу және іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 41, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 60 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 47 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша пилоттық жобаны іске қосу және іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 41, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 60 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 47 бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келетін иммигранттарды тестілеуді, сауалнама жүргізуді және әңгімелесуді өткізу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидалар еңбек қызметін жүзеге асыру, бизнес-иммиграция, инвесторлық және туристік қызметті жүзеге асыру, білім алу, гуманитарлық және саяси себептермен Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне, кәмелетке толмағандарға, әрекетке қабілетсіз адамдарға, бұрынғы қандастарға, отбасын біріктіру мақсатында келген алпыс жастан асқан адамдарға (ата-аналарға), сондай-ақ ерлі-зайыптылардың бірі Қазақстан Республикасының азаматы немесе Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік болып табылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында танылатын неке қиылғанына кемінде бір жыл болған ерлі-зайыптыларды біріктіру мақсатында келген адамдарға қолданылмайды.»;
20-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Әңгімелесуді иммигранттың порталдағы сауалнаманы толтыру кезінде көрсететін, ол тұрақты тұруға ниет білдірген өңірдің әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы жүргізеді.»
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Қазақстан Республикасымен визасыз кіру режимі бар мемлекеттерден келген, тиісті рұқсат алған иммигранттармен әңгімелесу жүргізу үшін халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган Комиссия құрады.
Комиссия құрамына халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, мәдениет, ішкі саясат салаларындағы жергілікті атқарушы органдардың, ішкі істер органдарының (көші-қон заңнамасының сақталуын тексеру бөлігінде), Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттерінің өкілдері кіреді.
Комиссияны құру және оның қызметін ұйымдастыру халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органмен жүзеге асырылады.
Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және Комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы кемінде 5 адамнан тұруға тиіс. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.
Комиссия төрағасы оның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, отырыстарға төрағалық етеді, Комиссияның жұмысын жоспарлайды және қабылданған шешімдердің орындалуын бақылайды.
Төраға болмаған кезеңде оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.
Комиссия хатшысы Комиссия отырыстарын дайындауды және хаттамаларды ресімдеуді қамтамасыз етеді.
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган хабарлама келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оны қоса берілген құжаттармен бірге Комиссияның қарауына жібереді.
Комиссия халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органнан құжаттар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізеді.
Өтініш берушіні әңгімелесудің өткізілетіні туралы хабардар ету порталдағы жеке кабинет арқылы не өтініш берушінің нақты уақыт режимінде бейнебайланысты және оның жеке басын сәйкестендіруді қамтамасыз ететін мессенджерлер мен өзге де электрондық коммуникация құралдарын пайдалана отырып, қашықтықтан қатысуының техникалық мүмкіндігін растаған күннен бастап жүзеге асырылады.
Әңгімелесудің күні, уақыты, өткізу форматы (онлайн немесе офлайн) және өткізілетін орны туралы мәліметтер өтініш берушінің порталдағы жеке кабинетінде көрсетіледі.
Әңгімелесу күндізгі (офлайн) не қашықтықтан (онлайн) форматта өткізіледі.
Әңгімелесу нәтижелері бойынша Комиссия «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» және «Қандас мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін одан әрі алуға рұқсат беру немесе беруден бас тарту туралы ұсыным шығарады.
Ұсыным шығару туралы шешім Комиссия отырысына қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия отырысы оның жалпы мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды деп есептеледі.
Комиссияның ұсынымдары отырыс хаттамасымен ресімделеді.
Визалық кіру режимі бар мемлекеттерден келген иммигранттар B8 және C1 санаттарындағы визаларды ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде әңгімелесуден өтеді.
Әңгімелесуге қатысуға байланысты шығыстарды, оның ішінде өткізу орнына бару және кері қайту жолақысын, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру және байланыс қызметтерін пайдалану шығыстарын өтініш беруші өз қаражаты есебінен көтереді.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Бес кезеңнен тұратын цифрлық бағалау мерзімі өтініш берушінің сауалнамасы келіп түскен күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайды.»;
28-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шет мемлекеттердің құзыретті органдары белгіленген нысан бойынша берген, ресімдеген немесе куәландырған білім туралы құжаттар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, заңдастырылған жағдайда қабылданады.
Шет тілінде жасалған құжаттарға мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне тиісті түрде куәландырылған аудармасы қоса беріледі.»;
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Қандас мәртебесін беру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Өтініш берген кезде қандастар және олардың отбасы мүшелері банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік қатысуы бар кредиттік бюродан алынатын кредиттер бойынша берешек сомасы, кредиттер бойынша мерзімдік (ай сайынғы) төлемдер, мерзімі өткен және (немесе) қалдық берешек сомасы туралы мәліметтерді қоса алғанда, дербес деректерді жинауға, өңдеуге, тексеруге, өзектендіруге және беруге келісім береді.»;
18-тармақта:
4-1) тармақшамен мынадай мазмұндағы толықтыру енгізілсін:
«4-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қоныстану өңірлерінде қандас мәртебесі берілген күннен бастап үш ай ішінде тұрақты тұруға рұқсат алу үшін өтініш жасамауы;»;
тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін бес жыл ішінде банктік шотта орналастырылған төлем қабілеттілігін растамағанда;»;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8.
Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі.
Өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
1. Жалпы тәртіппен мәртебе алу үшін Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесі арқылы не Мемлекеттік корпорацияға жүгіну қажет:
1) өмірбаян (еркін нысанда);
2) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжаттарының қазақ немесе орыс тіліне нотариат куәландырған аудармасымен бірге көшірмелері;
3) осы Қағидалардың 2-тармағының 18) тармақшасында көзделген шартқа өтініш берушінің сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері (туу туралы куәлік, шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, этникалық қазақтар шыққан елдің арнайы органдары берген үміткерлердің ұлтын растайтын өзге де ресми құжаттар), «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 11-1) тармақшасында көзделген қандас мәртебесін және Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртібімен алуға үміткер адамдардың қазақ ұлтына жататынын айқындау жөніндегі комиссияның ұсынымы болмаған жағдайда;
4) Қазақстан Республикасында тұрақты тұру үшін иммигранттарды критериалдық бағалаудан өткені туралы хабарлама;
5) өзінің төлем қабілеттілігін растайтын құжат (банк шотында кемінде 1320 АЕК мөлшерінде ақшалай қаражаттың болуы).
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларымен және көшірмелерімен ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаянды қоспағанда) өтініш берушіге қайтарылады. Сондай-ақ электрондық көшірмелер мен мемлекеттік дерекқорлардағы мәліметтерді пайдалануға жол беріледі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
»;
Көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшада:
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Қандас мәртебесін беру туралы шешім Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 41, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 60 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 47 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметтерін көрсету бойынша пилоттық жобаны іске қосу және іске асыру туралы» бұйрықпен бекітілген Қандас мәртебесін беру қағидаларының 18-тармағында көзделген негіздер бойынша жойылады.».
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген Қазақстан Республикасында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тұрақты тұруға рұқсат беру жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:
5-тармақта:
1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері берген «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті одан әрі алуға рұқсат туралы көшіп келушілердің өлшемшарттық бағалаудан өткені туралы хабарлама (инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның өтініші бойынша инвесторларды, тізбесі халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін сұранысқа ие кәсіптерге ие шетелдіктерді және өзге де шетел азаматтары, экономикалық дамуға елеулі үлес қосатын, басым экономикалық және әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысатын немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың өтініштері бойынша бірегей құзыреттері мен жетістіктеріне ие тұлғалар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері, кәмелетке толмағандар, әрекетке қабілетсіз адамдар, бұрынғы отандастар, отбасын біріктіру мақсатында (ата-аналарымен) келген алпыс жастан асқан адамдар және ерлі-зайыптылардың бірі Қазақстан Республикасының азаматы не Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік азамат болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында танылатын некеде кемінде бір жыл тұрған және ерлі-зайыптылардың қайта қосылуы мақсатында келген адамдарды қоспағанда).»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) салалық мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының Ұлттық сыныптауышының (бұдан әрі - ҰСТ) сабақ тобын көрсете отырып және ҰСТ (кәсіп, дағдылардың деңгейі мен мамандануы, диплом, мамандандыру бойынша жұмыс өтілі, біліктілік деңгейі) талаптарына сәйкес келетін өтінішхаты – «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін талап етілетін кәсіптердің тізбесін және оның қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 49 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудің оңайлатылған тәртібі белгіленетін, талап етілетін кәсіптер тізбесінің талаптарына жауап беретін адамдар ұсынады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31938 болып тіркелген), уәкілетті мемлекеттік органның дәлелді өтінішхаты – өзге де шетел азаматтары, экономикалық дамуға елеулі үлес қосатын, басым экономикалық және әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысатын немесе бірегей құзыреттері мен жетістіктеріне ие тұлғаларға қызмет алушылар;
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын адамдарға инвесторлық виза алуға арналған, инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган берген өтінішхат – визасыз режимі бар елдерден келген инвесторлар үшін;»;
14) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін құжаттарды тапсырған кезде, ата-аналары (ата-анасының бірі) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер болып табылатын үш жасқа толмаған балаларға қатысты баланың шетелдік паспорты болған жағдайда ұсынылады.
Балаларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін құжаттарды олардың заңды өкілдері өкілдік ету өкілеттіктерін растайтын құжаттарды ұсына отырып береді. Балалар Қазақстан Республикасына ата-анасымен (ата-аналарымен) бірге тұрақты тұруға келген жағдайда, құжаттарды бөлек қабылдауға жол берілмейді және олар бір мезгілде қабылданады.»;
5-1-тармақтың:
үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Қағидалардың 3-тармағының талаптары, 5-тармақтың 1), 4), 13) тармақшалары және 5-1-тармақтың 26), 29), 30) тармақшалары инвесторларға, тізбесін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін сұранысқа ие мамандықтарға ие шетелдіктерге, өзге де шетел азаматтары, экономикалық дамуға елеулі үлес қосатын, басым экономикалық және әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысатын немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың өтініштері бойынша бірегей құзыреттері мен жетістіктеріне ие тұлғаларға, және олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қолданылмайды.»;
алтыншы бөлігі мынадай редакцияда толықтырылсын:
«Осы Қағидалардың 3-тармағының екінші абзацының ережесі Байқоңыр қаласында тұратын шетел азаматтары осы елді мекенде Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін жүгінген жағдайда қолданылмайды.»;
жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Қағидалардың 3-тармағының, 5-тармағының 1) тармақшасының және 5-1-тармағының 26), 29), 30) тармақшаларының талаптары бұрынғы отандастарға, отбасы мүшелерімен (ата-аналарымен) бірігу мақсатында келген алпыс жастан асқан адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес танылатын некеде кемінде бір жыл тұрған, ерлі-зайыптылардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы не Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік болып табылатын жағдайда ерлі-зайыптылардың бірігу мақсатында келген адамдарға қолданылмайды.
Осы Қағидалардың 5-1-тармағының 26), 30) тармақшаларының талаптары тарихи отанына оралу мақсатында келген этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне қатысты қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлігімен толықтырылсын:
«Үздіксіз еңбек қызметі мен кірістерді растау кезінде құжаттар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына, ал кәсіпкерлік қызмет бойынша – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ұсынылады.».
7-тармақтың 3) тармақшасындағы екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ата-аналары (ата-анасының бірі) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер болып табылатын бір жасқа толмаған балаларға қатысты материалдарды қоспағанда, келісу үшін материалдарды Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының бекітуіне «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесінде (БАҚ) ұсынады. Материалдарды келісу Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының бекітуі 25 (жиырма бес) күнтізбелік күн ішінде аяқталады;»;
7-тармақтың 4) тармақшасы екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтармен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
«есепке алу ісін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттері Көші-қон қызметі басқармасына (бұдан әрі – ПД КҚҚБ) келісуге жібереді. ПД КҚҚБ 6 (алты) күнтізбелік күн ішінде келісіп, Полиция департаментінің басшылығына бекітуге жібереді.
Рұқсат беруге не рұқсат беруден бас тартуға, сондай-ақ оның күшін жоюға қатысты қорытындыны астана, облыс және республикалық маңызы бар қала Полиция департаментінің бастығы не оның орынбасары бекітеді.
Қорытынды шығарылғанға дейін төлем қабілеттілігін растау мақсатында банк мекемесіне қайтадан сұрау салу жіберіледі және ішкі істер органдарының есептері, құқық қорғау және арнаулы органдардың ақпарат алмасу жүйесі, Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі бойынша мәліметтердің болуы (қарау кезеңінде жол берілген бұзушылықтар бойынша) тұрғысынан тексеру жүргізіледі.
Өтініш берушіден Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру мәселесі бойынша бұрын берілген өтінішті кері қайтарып алу туралы өтінішхат (өтініш) келіп түскен кезде, сондай-ақ өтініш беруші қайтыс болған жағдайда, қарауды тоқтату туралы қорытынды еркін нысанда жасалады.».».
2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Қандастар мен иммигранттардың кетуі, уақытша болмауы, тұрақты тұратын жерінде тұрмауы, мәлімделген жұмыс орнында еңбек қызметін жүзеге асырмауы, байланысын жоғалтуы, сондай-ақ оларды елден шығару фактілері бойынша ведомствоаралық ден қою қағидаларын бекітуді көздейтін бірлескен бұйрық қабылдасын.
3
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп осы бірлескен бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына, Полиция департаменттеріне жұмыс барысында басшылыққа алу үшін жеткізуді қамтамасыз етсін.
4
4. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы бірлескен бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын және осы бұйрықты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшелерінің назарына, жұмыс барысында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
5 5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бірлескен бұйрық қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
2 2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бірлескен бұйрықтың 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларын орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Ішкі істер министрліктерінің Заң қызметі департаменттеріне ұсынуды қамтамасыз етсін.
6 6. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
7 7. Осы бірлескен бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі