О внесении изменений и дополнений в решение Павлодарского районного маслихата (30 очередная сессия, 5 созыв) от 27 февраля 2014 года № 30/227 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Павлодарского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Павлодарского районного маслихата (30 очередная сессия, 5 созыв) от 27 февраля 2014 года № 30/227 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Павлодарского района»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар аудандық мәслихатының (5 сайланған 30 кезекті сессиясы) 2014 жылғы 27 ақпандағы «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» № 30/227 шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 28/150
- Қабылданған күні
- 21.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 15.05.2020 119060_466766.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18PK005874
- ЭКБ идентификаторы
- 119060
- Редакция идентификаторы
- 119060_466766
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:43
0 Павлодар аудандық мәслихатының
(5 сайланған 30 кезекті сессиясы)
2014 жылғы 27 ақпандағы
«Әлеуметтiк көмек көрсетудiң,
оның мөлшерлерiн белгiлеудiң
және Павлодар ауданы мұқтаж
азаматтарының жекелеген
санаттарының тiзбесiн айқындаудың
қағидаларын бекiту туралы»
№ 30/227 шешiмiне өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Павлодар аудандық мәслихатының (5 сайланған 30 кезекті сессиясы) 2014 жылғы 27 ақпандағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 30/227 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3734 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 наурыздағы «Заман тынысы», «Нива» аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешiммен бекiтiлген әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларында:
9-тармақтың 10-1), 10-2), 10-3) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
«10-1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы көмек) алушылар ішіндегі азаматтар;
10-2) атаулы көмек алушылар ішінен төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер;
10-3) атаулы көмек алушылар ішінен төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар;»;
9-тармақ келесі мазмұндағы 10-5) тармақшамен толықтырылсын:
«10-5) «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар»;»;
10-тармақ келесі мазмұндағы 4-7) тармақшамен толықтырылсын:
«4-7) 10-5) тармақшасында көрсетілген санат үшін іс жүзіндегі шығындар бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды іске асыратын ұйымдардың тізімдері негізінде мектепке дейінгі ұйымдарда ата-ана төлемақысы сомасын өтеуге;»;
10-тармақтың 6-1), 7-1) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
«6-1) Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында, сондай-ақ Павлодар қаласының колледждерінде (ағымдағы жылғы жалпы білім беру мектептерінің мемлекеттік білім грантын тағайындау жөніндегі конкурстан өтпеген түлектері) оқу үшін төлеуге оқу жылы үшін оқудың нақты бағасы мөлшерінде бір рет;»;
«7-1) Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында, сондай-ақ Павлодар қаласының колледждерінде (ағымдағы жылғы жалпы білім беру мектептерінің мемлекеттік білім грантын тағайындау жөніндегі конкурстан өтпеген түлектері) оқу үшін төлеуге оқу жылы үшін оқудың нақты бағасы мөлшерінде бір рет;».