Құжат мәтініне өту

Об оказании единовременной социальной помощи к 30-летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан отдельным категориям нуждающихся граждан

Өзге акт · № 313 · қабылданған 22.02.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-ekb-129233/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об оказании единовременной социальной помощи к 30-летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан отдельным категориям нуждающихся граждан Қолданыста Өзге акт ·№ 313 ·22.02.2019
22.02.2019 редакциясы
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.02.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании единовременной социальной помощи к 30-летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан отдельным категориям нуждающихся граждан

Қолданыста Өзге акт ·№ 313 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании единовременной социальной помощи к 30-летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан отдельным категориям нуждающихся граждан
Атауы (қаз.)
Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңестік шектеулі әскери контингентті әкетудің 30 жылдығына орай мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
313
Қабылданған күні
22.02.2019
Көрсетілген редакция
22.02.2019 129233_390487.kaz
Соңғы өзгеріс
22.02.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19R0001526
ЭКБ идентификаторы
129233
Редакция идентификаторы
129233_390487
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:00

0 Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңестік шектеулі әскери контингентті әкетудің 30 жылдығына орай мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктермен оларды әлеуметтік қорғау туралы» және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқары туралы» заңдарына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңестік шектеулі әскери контингентті әкетудің 30 жылдығына орай Алматы қаласында тұрақты тіркелген және тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.

2 2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында және сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Р.К. Бадаеваға жүктелсін.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 Алматы қаласы мәслихатының

2019 жылғы 22 ақпандағы
№ 313 шешіміне қосымша

р/с
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары
Бір жолдық әлеуметтік көмектің мөлшері (теңге)
1.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктермен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 6-бабымен мәртебесі анықталған Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар
100,0 мың
2.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктермен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 8-бабымен мәртебесі анықталған Ауғанстанда қызметтік міндеттерін орындауына немесе әскери міндетін өтеуге байланысты ауруға шалдығуы салдарынан немесе қызметтік міндеттерін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тұлғалар
100,0 мың
3.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктермен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 9-бабымен мәртебесі анықталған Ауғанстандағы ұрыс қимылдар кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы
100,0 мың

Қолданыстағы