Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О реализации Постановления Правительства Республики Казахстан от 3.09.96 г. N 1083 "Об утверждении Положения о военно-транспортной обязанности в Республике Казахстан"

Ереже · № 1-14 · қабылданған 20.01.1997
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30996-n-1083/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О реализации Постановления Правительства Республики Казахстан от 3.09.96 г. N 1083 "Об утверждении Положения о военно-транспортной обязанности в Республике Казахстан" Күшін жойған 20.01.1997 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О реализации Постановления Правительства Республики Казахстан от 3.09.96 г. N 1083 "Об утверждении Положения о военно-транспортной обязанности в Республике Казахстан"

Күшін жойған Ереже № 1-14 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реализации Постановления Правительства Республики Казахстан от 3.09.96 г. N 1083 "Об утверждении Положения о военно-транспортной обязанности в Республике Казахстан"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасындағы әскери-көліктік міндет туралы Ережені бекіту туралы" 1996 жылғы 3 қыркүйектегі № 1083 Қаулысын жүзеге асыру туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1-14
Қабылданған күні
20.01.1997
Көрсетілген редакция
20.01.1997 1963_258647.kaz
Соңғы өзгеріс
20.01.1997
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V97D000044_
ЭКБ идентификаторы
1963
Редакция идентификаторы
1963_258647
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:13
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасындағы әскери-көліктік міндет туралы Ережені бекіту туралы" 1996 жылғы 3 қыркүйектегі № 1083 Қаулысын жүзеге асыру туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 29.09.2004 № 9-95 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасындағы әскери-көлiктiк мiндет туралы Ереженi бекiту туралы" 1996 жылғы 3 қыркүйектегi № 1083 Қаулысын орындау және көлік құралдарының мобилизациялық және техникалық дайындығын арттыру мақсатында шешім етемін:

1. Аудандардың және Қапшағай қаласының әкiмдерi, кәсiпорындардың, ұйымдардың басшылары қоса тiркелген "Қазақстан Республикасындағы әскери-көлiк мiндеттiлiгi туралы Ереженi" атқаруға қабылдасын.

2. Қазақстан Республикасындағы әскери-көлiк мiндеттiлiгi туралы Ереже меншiк нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан облыстағы барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге таралады.

3. Әскери-көлiк мiндеттiлiгi облыс аумағында Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы Қорғаныс және қарулы күштер туралы" Заңына сәйкес Қорғаныс Министрлiгіне және басқа да ведомстволарға бейбiт кезде, сондай-ақ соғыс мезгiлiнде белгiленген тапсырма бойынша техника жеткiзудi қамтамасыз ету мақсатында енгiзiлсiн.

4. Әскери-көлiк мiндеттiлiгi автомобиль, темiржол, теңiз, өзен, арба және артатын көлiк құралдары, мотоцикл, кәсiпкерлiк және арнайы кемелер, тракторлар, жол-құрылыс, көтеру-көлiк машиналары мен механизмдер иелерi - меншiк нысандарына және бағыныстылығына қарамастан облыс аумағында орналасқан Министрлiктерге, ведомстволарға, акционерлiк қоғамдарға, компанияларға, кәсiпорындар мен ұйымдарға, сондай-ақ жеке көлiк құралдарының иелерiне жүктеледi.

5. Көлiк құралдарын Қарулы Күштер құрамына дайындау мен беру тапсырмасын, сондай-ақ аудандар мен Қапшағай қаласы үшiн көлiктi техникалық жағдайы бойынша брактауға үстеме Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлiгiнiң табыстауымен облыс әкiмiнiң арнайы мәжiлiсiнiң шешiмiмен белгiленедi.

6. Облыстық әскери комиссариат аудандар мен Қапшағай қаласы үшiн ерекше кезеңде көлiк құралдарын жеткiзудiң тәртiбiн, пункттерi мен мерзiмiн анықтасын.

7. Облыстық iшкi iстер басқармасы Мемлекеттiк автомобиль инспекциясымен жалпы парктегi көлiк құралдарының техникалық жағдайына, оның iшiнде Қарулы Күштер құрамына беруге арналған техникаларға да тексеру жүргiзсiн.

Тексерудiң нәтижесi актiмен рәсiмделiп, аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарға табысталсын.
Жинақ акт облыс әкiмi аппараты мен облыстық әскери комиссариатқа жыл сайын 20 қаңтарда табысталсын.

8. Облыстық статистика және талдау жөнiндегi басқарма келесi жылдың 1 қаңтары жағдайында Қазақстан Республикасының статистика және талдау жөнiндегi Мемлекеттiк Комитетi жасаған формасы бойынша транспорт құралдарының нақты саны мен жайы туралы облыс әкiмiнiң аппаратына мәлiмет табыстасын.

9. Қазақстан Республикасындағы әскери-көлiк мiндеттiлiгi туралы Ереженiң атқарылуын бақылау аудандардың және Қапшағай қаласының әкiмдерi мен облыстық әскери комиссариатқа белгiленген тәртiпте бекiтiлген

мобилизациялау жоспары бойынша жүктелсiн.
Бұл шешiмнiң орындалуы туралы баяндамалар жыл сайын 20 шiлдеде және
20 қаңтарда табысталынып отырсын.

10. Бұл шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмi аппаратының әскери-

мобилизациялау жұмысы бөлiмiне жүктелсiн.